Ұлыбритания «ана» сөзінен бас тарта бастаған

Ұлыбритания «ана» сөзінен бас тарта бастаған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Waitrose Британ супермаркет жүйесі Аналар күніне арнап шығарған ашық хаттарда «ана» сөзі айтылмаған.

Ана (mother) сөзін ашық хаттарда сен (you) сөзі алмастырған. Ал ашық хатта әдеттегіше «Ана күнімен» (Happy Mother’s Day) деген құттықтау сөзінің орнына «Сенің күніңмен құттықтаймын» (Happy You Day) деп жазылған.

Компания өкілдерінің айтуына қарағанда, ашық хаттағы «ана» сөзін алып тастау арқылы «жыныстарын өзгерткен аналар мен апаларды құттықтауды» да қарастырған. Сонымен қатар, дүкен сөрелерінде дәстүрлі ашық хаттар да сатылуда.

Waitrose компаниясынан қалғысы келмеген Scribbler супермаркет желісінің басшылығы да Аналар күніне арнап бір жынысты жұптар үшін мынадай жазулары бар ашық хаттар шығарған екен: «Екі ана бір анадан артық» және «Әке, сенің ең тамаша ана екеніңе рахмет».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: