Жанға шуақ сыйлаған көктемгі кездесу

Жанға шуақ сыйлаған көктемгі кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Үсенова Зейнеп жетекшілік ететін облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен  және елуге жуық медресе шәкірттерінің қатысуымен қалалық дәмханалардың бірінде ерекше отырыс болып өтті.

Жуырда ғана ҚМДБ Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мырза «Өзгеруді өзіңнен баста!» деп еліміздегі діни қызметкерлерге ұран тастаған болатын. Осы ұранның аясында көктемгі бір серпіліс болсын деген ниетпен, ұстаздар мен шәкірттерге көктемгі көңіл-күй сыйлап, сыйластықты арттыру мақсатында өткен бұл отырыстың ерекшелігі аналардың қоғамымыздағы орнын дәріптеу болды.

Көктемнің жайма шуақ күндерінің бірінде ерекше ықыласпен бас қосқан аруларымыз отырыс барысында бір-бірлеріне ерекше сыйлықтар таратты, Алдасаева Гүлжан ұстаз қыз баланың тәрбиесі, Исламдағы отбасы құндылықтары, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас туралы әйелдер мен қыздарға қажет тақырыптарда уағыз айтты.

Ұстаздар мен шәкірттер әсерлі отырыста бір-біріне деген  көктемгі құттықтау лебіздерін жеткізіп, көңілді тарасты.  

 «Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: