Сарысу имам-молдаларының кезекті айлық жиыны өтті

Сарысу имам-молдаларының кезекті айлық жиыны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаңатас қаласында орналасқан Сарысу аудандық мешітінде ауыл молдаларының жиыны болды. Жиынды аудандық мешіттің бас имамы Ғалымжан Қонақбаев жүргізіп, ҚМДБ  және Облыстық өкілдіктен келген тапсырмаларды таныстырып өтті.

Еліміздің төрі Астанада өтіп жатқан Еуразия мұсылман Ғұламалар форумы жайында сөз қозғалып, бүгінгі күннің дін қызметкерлері жанжақты болуы керек екені айтылды. Осы форумда қолға алынған мәселелер төңірегінде әңгіме қозғаған жиынға қатысушылар бұл үлкен айтулы оқиғаның дінімізге де елімізге де берері мол деген пікірде екендіктерін жеткізді.

Сарысулық имамдардың бұл жиналыстағы талқылаған тағы бір мәселесі Тараз қаласында өткен аудан және қала бас имамдарының басқосуында бірауыздан қабылданған діни рәсімдердің бір ізділікке түсірілуі жолындағы шешімдердің іс жүзінде жүзеге асырылуы. Бұл шындығында бүгінгі күні әбден шешімін күтіп тұрған мәселе. Оыған қатысты ауыл молдалары өздерінің қолдауларын білдірді. Ендігі жерде жаназада болсын, басқа жиындарда болсын ысырапшылдыққа жол бермей, діни рәсімдерді де біркелкі орындайтын болайық деген шешімге келді.

Жиын соңынан ауыл мешіттерінің қызметкерлеріне арналып семинар сабақтары өткізілді. Имамдар мен жамағат арасында жиі кездесетін сұрақтарға жауаптар берілді. Семинар сабақты аудандық мешіттің наиб имамы Шадиев Алмат жүргізді

Сарысу аудандық мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: