Адамзатты ардақтап жаратқан Алланы шынайы таныдық па?

Адамзатты ардақтап жаратқан Алланы шынайы таныдық па?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде ҚМДБ-ның Жастар секторымен бірлесе, жамағаттың атсалысуымен бейсенбілік ауызашар берілді.

Дастархан басында алғашқы сөзді мешіттің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы бастап, ынтымақ, бірлік тақырыптары жайлы сөз етті.

Келесі сөз сөйлеген ҚМДБ Жастар секторының Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Аманбай Ержан Жастар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы баяндады.

«Тектұрмас» мешітінің имамы Кенжемолдаев Алмас «Адамзатты қадірлеген, Аллаға шынайы құл болу» тақырыбында уағыз айтты:

Құранда Алла Тағала бақара сүресінің 29 аятында: «Сол уақытта Раббың әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын деген еді». Періштелер: «Онда бұзақылық істеп қан төгетін біреуді жаратасың ба? Негізінен біз сені дәріптеп, мақтау айтып, пәктеудеміз деді». Алла: «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін деді».

Осы аяттан Алланың бізге деген ерекше махаббатын, біздерге бүкіл нәрсенің атауын үйретіп біздерді жер бетіне орынбасар етіп жібергенін көреміз.

Алла: «Алла Адам (Ғ.С)-ға біртұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» , - деді. Періштелер: «Сен пәксің, біздің сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ» деді.

Алланың берген сансыз нығметтерінің орнына құлшылық жасасақ жасаған құлшылығымыз орнын өтей алмайды. Алланың бергенінің барлығы адамның пайдасы үшін Алланың адамға жасаған жақсылығына еш нәрсе татымайды. Құранда Алла Тағала Назиғат сүресінің 32 аятында:

«(аталмыш игіліктерді) Сендердің пайдаларыңа және малдарың үшін (жасады)», - дейді.

Ертеңгі күні Алланың алдына барғанда Алла бізден: «Мен саған бәрін бердім мен үшін қандай амал жасадың?», - деп сұрайды. Біреу сізге жақсылық жасаса сіз оған қандай жолмен болса да, жақсылығын қайтаруға тырысасыз. Тіпті, жақсылығын қайтару үшін ұялып жүресіз. Дәл сол сияқты біз де Алладан ұялып бізге берген нығметтерінің қарымын, шынайы сеніміміз бен құлшылылығымыз арқылы қайтаруымыз тиіс. Адам Аллаға құлшылық етіп, жақсылық істесе, бүкіл періште ол пендеге жарылқау тілейді. Қарап отырсақ, Алла Тағала адамға көп нәрсені адал. Оған тек шайтан қарсы. Алла біздің бойымызда бойұсыну сипатының болуын талап етеді. Аллаға бойұсына білген адамға басқа Алланың үкімдері оған жеңіл болады. Мұса пайғамбар (ғ.с.) Алла тағалаға Раббым берген нығметтеріңе шүкір етіп саған құлшылық жасайын, десем, барлығын өзін бердің ешнәрсе маған тиесілі емес. Тіпті мына денемнің өзі де сенікі, дегенде, Алла: «Ей Мұса, сенің осыны білуіннің өзі маған шүкір етуін дейді.

Алла баршамызды құлшылықты құлшына орындайтын, шүкіршілік ететін, салихалы құл болуымызға жазғай?

«Кеңесхан» қажы мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: