Алғыс айту атадан қалған іс

Алғыс айту атадан қалған іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақпараттық насихат жұмыстар барысында Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы және  аудан әкімінің инспекторы А.Бірімқұлов  №51 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен «Алғыс айту - атадан қалған іс» тақырыбында  кездесу өткізді.

Кездесу барысында асыл дініміздегі алғыс айтудың маңыздылығы, оның әр түрлі сипаттарына тоқталған бас имам, Аллаға шүкір етудің де маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысындағы мүмкіндікті пайдалана отырып Дәуренбек Жандосұлы ел арасында іріткі салып жүрген жат ағымдардың кері іс-әрекеттеріне тоқталып, олардан сақтану жайлы да кең ақпарат беріп өтті. Қоғамдағы болып жатқан өз-өзіне қол жұмсау, әлеуметтік желіге тәуелділік сынды тақырыптар да кездесу барысында қамтылды. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: