Алланың көмегіне деген сеніміңіз бен үмітіңізді ешқашан жоғалтпаңыз

Алланың көмегіне деген сеніміңіз бен үмітіңізді ешқашан жоғалтпаңыз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өмірде өз жолын дұрыс таба алмаған қыз бала туралы мына оқиға бәрімізге сабақ болатын шығар.  Ол өмірінде жасамаған жиіркенішті нәрселері қалмағанын өзі де мойындайды. Ата-анасынан бөлек тұрған төрт жыл ішінде көптеген күнәлі істерге барған. Бәрі оның музыкаға әуестігінен басталған екен, ал өзі былай әңгімелейді: «Менің музыкаға құмарланғаным сонша — онсыз өмір сүре алмайтын болдым. Музыканы күнделікті қатарынан алты, жеті немесе сегіз сағат тыңдайтынмын. Әр кез құлаққапты шешкенімде, өзімді есімнен ауысқандай сезінетінмін». Сыныптастарының бірі оны «шөп» шегуге үйретеді. Кейін келе есірткі қолдануға кірісіп, көп ұзамай оған тәуелді болып қалады. Мұнысын ата-анасы байқап қалады. Әлгі қыз ата-анасымен бірге тұрғысы келмейді де, үйден кетіп қалады. Әлеуметтік қызмет өкілдері оған тұратын жер тауып береді, ақша төлейді. Осылайша, ол мектепті де тастап кетеді.

«Мен дінсіздерден де нашар өмір кештім», - дейді ол. Зина, есірткі, ішімдік — оның өмірінің бір бөлігіне айналады. Тыйым салынған нәрселердің бәрінің дәмін татып көріп болып, «Бір күні таңертең тұрып, мен өзіме жетер дедім, мүмкін анам мен үшін дұға қылған шығар», - деп ол есіне алады. Қайтадан ата-анасының үйіне қайтып оралуға шешім қабылдайды. Келіп есікті қаққанда, есікті ашқан анасын құшақтап, сүйіп: «Алла мені жөнге салды», - деп үйге оралғандығын айтады. Негізі ол Алла Тағала оны жөнге салады деп ешқашан ойламаған, бірақ бұл ата-анасының дұғасымен ғана болған жайт деп санайды. Ата-анасы өз қыздары үшін дұға жасауларын үзбегендігін айтқан.

Өз күнәларыңызға қарамастан, намаз оқуыңызды жалғастырып жүргеніңізді, мүмкін сіздің жаман қылықтарыңызды білетін достарыңыз сізді екіжүзді әрі өтірікші деп санайтын шығар. Нендей жағдай болса да намазды тастамаңыз. Адамдар ала көзімен қарайтын болады, себебі сіз күнә жасап жүрсіз, бірақ берілмеңіз, Алладан сізді жөнге салуын сұраңыз. Адасып, жаман жолға түсіп жүрген балалары үшін дұға жасайтын ата-аналар бар, Алланың қалауымен ата-ананың дұғалары оларды жаман жолдан аулық ету үшін бір себеп ретінде саналады. Күнәға толы өмір сүріп жүргенде, жөн сілтеуге деген сағыныш нышаны құдды бір жарқыраған сәуледей болып көрінеді. «Әулие мен күнәһардың арасында жалғыз-ақ айырмашылық бар, ол — әрбір әулиенің өткені болғандай, әрбір күнәһардың келешегі бар».

Талдан түскен жапырақты, аққан суды, таусылған демді немесе әрбір басталған өмірді Алла біледі. Алла әрқашан бізбен бірге, Ол біздің Тозақ отына түсуімізді қаламайды. Алла Тағала — Рахман әрі Рахим, Қайырымды әрі Мейірімді, Ол бізге жақсылық тілейді әрі біздің Жұмақта болуымызды қалайды. Ол үшін біз Оған иман келтіріп, Оған бойұсынып, Одан күш пен жөн сілтеуін сұрауымыз керек. Тірі кезімізде Аллаға иман келтіруге әрі түзелуімізге көп мүмкіндік бар. Сол мүмкіндігімізді жіберіп алмайық...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: