Таң намазын жіберіп алудың 6 себебі

Таң намазын жіберіп алудың 6 себебі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ояна салып жұмысқа, университетке, мектепке дейін 30-ақ минут қалғанын шошына сезінесіз, онымен қоймай, сіз таң намазын да оқыған жоқсыз! Сонда не болғаны? 2 минут бұрын ғана көзіңіз ілінген сияқты еді. Ал енді үйдің ішінде әрлі-берлі сенделіп жүгіріп жүрсіз, асығып-үсігіп тісіңізді тазалайсыз, жуынасыз, киінесіз...

Қане, басын ашып алайықшы. Неге соңғы күндері таң намазын жіберіп алуды жиілетіп жүрсіз? Намазды енді бастап дағдыланып жүрген кезіңізді есіңізге түсіріңізші: таң намазына бір сағат қалғанда оянатынсыз, тәһәжжүд намазын оқуға тұратынсыз. Ал енді асығып жуынып жүрсіз, онымен қоймай, әлі таң намазын оқыған жоқсыз. Не өзгерді?

1. Ұйқыға өте кеш жатуымыз

Түн жарымында ұйықтау «ерте жатқан болып» табылмайды. Бұл адамдардың үлкен сұранымына ие әртүрлі ойын-сауықтарға толы қазіргі әлемнің маңызды мәселесі. Бұрынғы заманда адамдар күннің шығуымен оянып, күн бата салып ұйқыға жататын. Бірақ бүгінде ғаламтор, теледидар, ұялы телефондар сияқты көп алаңдатпа факторлардың көптігі сондай, біз тіпті ұйқыға жататынымызға қуанамыз!

Шынайылық мынада жатыр - біздің көбіміз түннің жарымынан кейін бірден ұйқыға кетпейміз, тек түнгі сағат екіде ғана. Бұл біздің шамадан тыс тәкаппарлығымыз болып табылады, егер біз ұйқыға түннің жарымында жатсақ, бұл біз үшін «ерте» жатқан болып табылады.

Егер біз тақуа адамдардың өміріне зер сала қарайтын болсақ, онда олардың ерте жататын әдеттерінің болғанын байқаймыз, түннің бір бөлігінде тұрып түнгі намазды оқу үшін, дұрысы құптан намазын оқып алған соң көп жүрмей ұйқыға жату. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) хадистері бізді құптан намазынан соң көп сөйлесудің орынсыз екендігіне де үйретеді.

Жалпы алғанда, таң намазына сергек болып ояну үшін, телефоныңызды шетке ысырып қойып, бір стақан сүт ішіп алыңыз да ұйқыға жатыңыз.

2. Қоңыраулы сағаттармен қиындықтар

«Өтінемін, тағы бес минут»… таныс жайт па?

Сізге қоңыраулы сағат шылдырлаған кезде тұруға үйрену қажет. Иә, тағы да ұйықтай тұрсаң, ұйқы тәтті, рақатқа толы, бірақ бұл амал іске аспайды. Сізге ұнаса да, ұнамаса да қоңыраулы сағат сіздің оянуыңызға көмектеседі, қулықтың бәрі оны қажет уақыттан 10 минут бұрынға қоюда. Қоңыраулы сағаттың таймерін сол уақыттан 40 минутқа бұрын қоюдың қажеті жоқ, өйткені сізге тұруға әлі ерте екеніне көзіңізді жеткізу үшін ғана оянасыз, ал сіз ұйқыға қайта батасыз.  

3. Түнге қарай тойып тамақ жеу

Мен тағамды емес, ол мені жақсы көреді! Адамдардың көбі тоя тамақ ішу біздің ұйқымызға әсер ететінін білмейді. Зерттеулер көрсеткендей, асқазаны толы адамдар, асқазаны бос адамдарға қарағанда нашар ұйықтайды, шырт ұйқыға жата алмайды. Біз  сіздерге ашығыңыздар деп отырған жоқпыз, тек түнге қарай желінетін астың көлеміне ұқыпты болыңыздар деп отырмыз, өйткені ұйықтар алдында желінген тамақ мөлшері сізге таң намазына оянуға көмектеседі.

4. Тәһәжжүд намазына тұрып, қайтадан ұйықтап, таң намазын жіберіп алу

Негізінде түнгі намазға тұру – Сүннет, бірақ егер оны оқимын деп тұрсаңыз, қайтадан ұйқыға жатпаңыз. Өйткені шайтанның қастығына ілігесіз: ол сізге парыз болғанды қаза жасату арқылы өзінің көздегеніне жетеді. Мұндай кеудемсоқ жас адамдардың тәжірибесінде жиі кездеседі, олар бір түнде Әбу Бәкір ас-Сыддық (р.а.) бола қалғылары келеді. Алайда нәтижесінде адам тәһәжжүд намазын оқып, ал таң намазының уақыты келгенде шырт ұйқыда болып, намазды қаза етеді, сонда пенденің бар қол жеткізетіні – оның құлағына шайтан кіші дәретке отырып әрі «алты жұлдызды» қонақ үйге орналасқандай болып оның мұрнына қоныс тебеді.

Егер сіз тәһәжжүд намазын оқығыңыз келсе, таң намазын жіберіп алмайтындай бар жағдайды жасаңыз. Одан кейін ұйқыға жатпаңыз – мысалы, таң намазына жарты сағат қалғанда тұруыңызға болады. Бастысы – тәһәжжүд пен таң намаздарының арасында ұйқыға жатпау.

5. Істің шынайы күнәсін түсінбеу

Бір қызығы, ұшақты күтіп бір-екі сағат отыра аламыз, ал құлшылық етуге келгенде – оны уақыттың ең соңына дейін қалдыра береміз. Намаз оқу мәселесіне аса жеңілтектікпен қараймыз: «Мен намазымды кейін оқимын», «Қазір менің уақытым жоқ!» - міне, бұлар ең кең таралған «сылтаулар». Бірақ оғаштығына қарамастан, егер біздің ұшуымыз түнгі сағат 3-те болса, әуежайға қалып қалмас үшін біз мүлде ұйықтамаймыз. Ұшақ жайына келгенде «Мен басқа рейспен ұшамын» немесе басқа да осыған ұқсас ойға қонымсыз сөздерді ешкімнен естімейсіз.

Мұндай екіжүзділік қайдан келген? Мәселе Исламға қатысты болғанда, неге біз өзімізге сылтаулар мен ақталулар ойлап табамыз да, ал пендешілік өмірдің барлық шарттарына икемделе кетеміз? Мен дұрыс айтпасам, мені түзетіңіздер, бұл – күнә дәрежесін біздің толық түсінбеуімізде. Дәрістерге қатыса жүріп, діни уағыздарды тыңдай жүріп және ҚМДБ рұқсат еткен діни кітаптарды оқи жүріп өз иманыңызды нығайтыңыз да келешек өмірге күшіңізді салыңыз.

6. Күні бойы күнә жасау

Бұл таң намазын жіберіп алуымыздың ең басты себебі болып табылады. Бізге игі амалдар жасауға мүмкіндік беріледі деп қалай күте аламыз, егер бар жасайтынымыз тек күнә ғана болса? Намаз – Исламның екінші тірегі, онсыз адамның иманы күмәнді болушы еді. Бұл мәселенің маңыздылығын түсіну үшін көптеген аяттар мен хадистерді дәйексөз ретінде келтірудің қажеті жоқ. Бұл жалпы ислам қағидаты: бір игі амалдар басқа бір игі амалдарды тудырады, ал жаман амалдар басқа жаман амалдарды тудырады.

 Егер біз расымен де Аллаға жақындағымыз келсе, онда күні бойы күнә жасамауға бар күшімізді салып көрейік. Мұны дұрыс түсініңіздер, әрине, біз періште емеспіз, бірақ Алла Тағала намаз күнә жасаудан тыяды деген, сондықтан бізге парыз етілген бес уақыт намазымызды қаза етпеуге тырысайық, ағайын.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (8)

Оқи отырыңыз: