Көркем мінез

Көркем мінез

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Исламдағы көркем нәрселердің бірі — жақсы әдеп пен игі мінез. Бір ғалымның дәрісінде айтқан сөздері қатты әсер етті — "жақсы әдеп сені мұсылман жасайды", яғни біздің әдебімізге қарап, адамдар біздің мүмін екенімізді анықтайтын болады.

Алайда қазіргі кезде игі мінезге қатысты ақылға қонбайтын нәрселер болып жатыр. Ислам мектептері мен институттарының шәкірттері өздерінің жаман қылықтарымен белгілі болып барады. Мұсылмандар істі өздері жүргізуге немесе мұсылман еместерге жұмысқа тұруға тырысады, өйткені мұсылмандардың әділетсіздігінен және ұқыпсыздығынан қауіптенеді. Осындай қылықтарымызбен адамдарға қандай үлгі көрсете аламыз?

Бұл жерде анық дұрыс еместік бар. Алла Тағала бізді үйреткенмен және қоғамда көретініміздің арасында неліктен зор айырмашылық бар? Жауап біреу-ақ - біздің мінез-құлықымызда.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай айтқан: «Бірде-бір әке өз баласын жақсы әдепке үйретуден артық ешнәрсе бере алмайды». (Тирмизи).

Бір сәтке болсын ойланыңызшы: біздің мінез-құлқымыз бен әдебіміз — Алла бізді Жұмақ бақтарына кіргізетін себептерінің бірі болады. Қандай мінез-құлықтың Аллаға ұнайтынын сіз білмеуші ме едіңіз? Осындай мәнерлерді өзіңізден көрсетіп, Жаратушыңызды қуантқыңыз келмей ме? Бұдан әрі сізді Жұмаққа кіргізетін бес көркем нәрселер туралы сөз қозғаймыз, ол жөнінде Құранда былай айтылған: «Бүгін шыншылдардың шындықтары пайда беретін күн. Оларға астарынан өзендер ағатын ұжмақтар бар. Олар онда мәңгіге қалады да, Алла олардан разы болады әрі олар да Алладан разы болады. Бұл ірі қолжеткендік». (5:119).

«Рахмет!»,- де», «Өтінемін», - де» - біз білеміз, ата-аналар бірінші кезекте балаларына осы сөздерді үйретуге тырысады. Олар неге олай жасайды — өйткені бұл ата-ана үшін фитра, яғни кәдімгі нәрсе болып табылады, олардың балалары жақсы әдептегі тәрбиелі адамдар болып өссін дегені.

Біз жақсы мінез-құлыққа ол қоғамда марапатталғандықтан ғана тырыспауымыз керек. Бізге игі мінезді болуға тырысуымыз қажет, өйткені Алла бізге әмір еткен. Сол үшін де Алла разылығы үшін жақсы мінезді болыңыз, Оған және Оның разылығына жақын байланыста болу үшін.

Игі мінез үлгісін біз қайдан табамыз? Пайғамбармыз, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, – жақсы әдеп пен игі мінездің көркем өнегесі болып табылады. Алла Өзінің Пайғамбары (с.ғ.с.) жөнінде былай дейді: «Расында сендер үшін, Алланы да ахирет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін; Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар». (33:21).

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мінезінің басты ерекшелігі, оның мүлтіксіздігінде еді: ол бәрін де өте жақсы жасауға тырысқан. Біреу бір нәрсе сұраса, ол адамға бұрылып, оны мұқият тыңдайтын. Оған қол бергенде, ол қолды ақырғы болып жіберетін. Егер ол біреумен сөйлессе, сөзін бітіріп, әңгімелесушіден кейін ғана бұрылатын. Өз балаларын тірідей көметін адамдардан, ол өзінің мықты сахабаларын тәрбиеледі. Тура осылай бар жағынан бізде жасап жатқан ісіміздің маңыздылығына қарамастан, мүлтіксіз болуға тырысуымыз керек.

Бес қиын емес нәрселер бар, соларды тәжірбиелеу арқылы біз өзіміздің мінезімізді Алла разылығы үшін көркейтеміз.

1. Шыншыл болыңыз

Құранның көп жерінде Алла игі мінездері үшін мүміндерді күтетін сый жөнінде айтады.

Әрқашанда шындықты айту оңай емес, кейде ол бізге жағымсыз болуы мүмкін. Бірақ ойлап қараңызшы — осыдан кейін де сізде қиындықтар туындаса, сіз өзіңізді жақсы сезінетін боласыз — себебі мұны сіз Алла разылығы үшін жасадыңыз.

Өзіңізді шыншылдыққа негіздеңіз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай айтқан: «Шыншылдық тақуалыққа әкеледі, ал тақуалық Жұмаққа кіргізеді. Адам шындықты айтуын жалғастыра береді, оны Алланың қасында шыншыл адам деп жазбағанша. Өтірік зұлымдық пен жаман әрекеттерге итермелейді, олар адамды Тозақтың отына кіргізеді. Адам өтірік айтуын жалғастыра береді, оны Алланың қасында өтірікші деп жазбағанша». (Әл-Бұхари).

2. Өз уәдеңізде тұрыңыз

Адам сөздерімен емес, істерімен анықталады. Негізінде біз уәдемізді бұзуға тырыспаймыз, сондай көп нәрселер бар, уәде беріп, бірақ соны ешқашан жасамаймыз. Әсіресе жақын адамдармен жиі болады, берген уәделерімізге немқұрайлы қараймыз, себебі олар «өзіміз». Мысалы, балаларымызға олармен бір жерге бару немесе олардың сабағына көмектесу туралы уәде бергенде. Бұл ұсақ нәрсе сияқты, бірақ Алла бұның бәрін көріп тұр — сондықтан да өзіңізден сұраңыз, расымен мен біреуге берген уәдемді орындау үшін барлық мүмкіндікті жасадым ба деп?

Алла Құранда былай дейді: «Әй мүміндер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар? Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Алланың қасында зор ашуға себеп болады». (61:2-3).

3. Бөтен адамның сенімін ақтауға тырысыңыз

Мысалы үшін, досыңыз сізбен жеке бас мәселесімен бөліседі де оны ешкімге айтпауды өтінеді. Сіз басқа бір танысыңызды кездестіресіз де оған өзіңіз де байқамай бөтен адамның құпиясын айтып қоясыз.

Ондай адамды сенімді деп айтуға бола ма? Алла сенімге лайық деп айтқандар - бізді ешқашан жәрдемсіз қалдырмайды әрі өз уәделерін орындайды дегенді білдіреді.

Есіңізде болсын, Алланың пайғамбарлары (а.с.) ең сенімді адамдар болған. Худ пайғамбар (а.с.), ол кісіге Алланың сәлемі болсын, өз еліне былай деген: «Сендерге Раббымның жібергенін жалғастырамын. Әрі сендерге сенімді бір үгітшімін». (7:68).

Пайғамбарлардан өнеге алып, өздеріңізде тек кейбір жағдайда емес, әрқашан сенімді адам болу әдетін қалыптастырыңыз. Егер өзіңізге бір нәрсені жасаймын деп міндет алсаңыз, соны жасаңыз. Басқа біреулер сізге сенсе, олардың сенімін ақтауға тырысыңыз.

4. Адамдарды татуластырыңыз

Сіз білесіз бе, адамдарды татуластыруға көмектесу арқылы, Алла рақымымен Жұмақтық бола алатыныңызды? Әрине, ұрсысып жатқан адамдардың дауына араласу, екеуінің біріне жақсы ма? Адамдарды татуластыру әрі олардың қарым-қатынастарын реттеуге көмектесу жақсы әдеп белгісі болып табылады.

Алла мүміндерге былай дейді: «Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер». (49:10).

5. Шын жүректен беріңіз

Мысалы үшін, әлдебір адам сізден көмек сұрайды. Сіз әлде оны елемейсіз, әлде оны қуланып тұр деп ойлайсыз, әлде оған көмектесуден қорқасыз, өйткені сіздің ақшаңызды ол әлдебір жаман нәрсеге ұстап қоя ма деп қауіптенесіз. Алайда біздің Пайғамбарымыз, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, одан көмек сұраған адамдардан теріс айналмаған.

Шынайы мүміндердің ерекшеліктері

Мұсылманның көркем мінездерінің бірі — батылдық пен ерлік. Экстремалдық спорт түріне келгенде, біз өз батылдығымызды көрсетеміз. Дін ұстау жөніндегі батылдық ше? Анас ибн Мәлік (р.а.) былай айтқан: «Пайғамбар (с.ғ.с.) адамдардың ең жақсысы болған, ол адамдардың ең жомарты және ең батылы болған». (Әл-Бұхари, Мүслим). Оның батылдығы пұтқа табынушыларды Исламға шақырғанда және шайқас алаңдарындағы ұрысқа қатысқанда көрінген.

Күнделікті өмірде дінді ұстану жолында, біз бәріміз де осындай батылдыққа зәруміз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы үшін арнайы дұға жасайтын: «Уа, Алла, мен әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен рухсыздықтан, қорқыныш пен қайғыдан Саған сыйынамын, және қабір азабынан Саған сыйынамын, және өмір мен өлім сынақтары мен тауқыметінен Саған сыйынамын» (Әл-Бұхари, Мүслим).

Жақсы әдепке ие болуға көмектесетін екі дұға:

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан: «Уа, Алла, Сенен мықты денсаулық, пәктік, сенімділік, игі мінез бен өз тағдырыма деген разышылығымды сұраймын».  (Әл-Бұхари).

Жаман мінезден қорғану дұғасы: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алладан былай сұрайтын: «Уа, Алла! Мен ұят қылықтардан, жаман мінез-құлықтан және қыңырлықтан Саған сыйынамын».  (Тирмизи).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: