Мысыр билігі туу көрсеткішін 62% «құлдыратқан»

Мысыр билігі туу көрсеткішін 62% «құлдыратқан»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Соңғы үш жылда Мысырдағы туу деңгейі 62% төмендеген. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, 2015 жылы Мысырда 6,68 миллион сәби дүниеге келсе, ал 2017 жылы – тек 2,55 миллион нәресте туылған.

Бір жағынан мұндай үрдіс сарапшыларды алаңдатып отырса, ал екінші жағынан алып қарағанда, жағымсыз демографияның өзіндік артықшылығы бар екен, өйткені соңғы он жылдары Мысыр халықтың көптігі салдарынан туындайтын мәселемен күресіп келеді.

Ел экономикасына түсетін қысымды азайту барысында, Мысыр билігі отбасын жоспарлау және сәбилердің дүниеге келуін бақылау турасында әртүрлі компаниялар жүргізіп отырады. Мысыр халқының қарқынды өсуін ел президенті Абдел Фаттах ас-Сиси «дамуға төнген қауіп» деп атаған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Мысыр – әлемдегі ең халық көп орналасқан араб мемлекеті болып табылады. Ресми деректер бойынша, қазіргі таңда бұл елдегі халық саны 95 миллионнан асып түсуде.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: