Сауд Арабиясында түрік сериалдарына тыйым салынды

Сауд Арабиясында түрік сериалдарына тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясының МВС жетекші телехолдингі араб телеарналарында жүріп жатқан танымал түрік сериалдарының көрсетіліміне тыйым салды. Бұл жөнінде МВС өкілі Мазен Хайектің мәлімдеуіне сілтеме жасай отырып, БАҚ өкілдері хабарлайды.

Үстіміздегі жылдың 2 наурызынан бастап корольдік аумағында түрік сериалдарына салынған тыйым толықтай өз күшіне енді делінген.

Хайектің айтуынша, «араб елдерінің сериал түсірушілеріне қолдау көрсету үшін» осындай тыйым салынып отырған көрінеді.

Осы арада айта кету керек, түрік телехикаялары кезінде араб көрермендерінің көз айымына айналған мысырлық сериалдарды ұстанған позицияларынан тықсырып тастаған.

Алайда кейін келе араб телеаудиториясының сүйіспеншілігін жаулап алуға телехикаяларды түсірумен белсенді түрде айналысқан Сирия мен Ливан сериалдары күресе бастаған болатын.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: