Сауд Арабиясы Мысырда мегақала салмақшы

Сауд Арабиясы Мысырда мегақала салмақшы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы Мысыр аумағына мегақала салуды көздеп отыр. Бұл жөнінде жуырда САК мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Әл Сауд пен Мысыр президенті Абдел Фаттах ас-Сисидің кездесуіне сілтеме жасай отырып, CNBC мәлімдейді.

Аталмыш қала Синай түбегінің оң жағына жайғасатын болады. Бұл жобаны қаржыландыру үшін 10 миллиард доллары бар арнайы даму қоры құрылмақшы. Ал жобаның басқа жай-жапсары әзірше белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қазан айында сауд билігі Қызыл теңіз жағасында инновациялық NEOM қаласын салу жоспары туралы жариялаған болатын.

Қала көлемі 26 мың шаршы километрді әрі бірнеше аралдарды да қамтиды. Аталмыш қала корольдіктің солтүстік-батыс жағына салынады. Мысыр аумағындағы Синай түбегінен оны Қызыл теңіз шығанағы ғана бөліп тұратын болады.

Жоспарға Сауд Арабиясы мен Мысырды қосып тұратын Қызыл теңіз үстінен салынатын көпір де қосылған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: