Мұсылмандарға 950 шабуыл жасалған

Мұсылмандарға 950 шабуыл жасалған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2017 жылы Германияда мешіттер мен мұсылмандарға, ең кем дегенде, 950 рет шабуыл жасалған екен. Бұл жөнінде елдің ІІМ сілтеме жасай отырып, Neue Osnabruecker Zeitung газеті мәлімдеген.

Басылымның деректеріне сәйкес, өткен жылы жасалған шабуылдардың салдарынан 33 адам зардап шеккен. Шабуыл жасалу және мешіттер мен басқа да мұсылман мекемелерін бүлдіріп, зиян тигізгендігі үшін елдің билігі 60-тай тергеу істерін жүргізіпті. Барлық оқиғаларда қылмыскерлер  экстремистер болып шыққан.

Солай десе де, неміс Орталық мұсылмандар кеңесінің төрағасы Айман Мазьек басылымға берген сұхбатында ресми статистика шынайы ахуалды көрсетпейді деген, себебі, көбінесе зардап шеккен мұсылмандар құқық қорғау органдарына жүгінбейді екен.

Айта кету керек, қазіргі таңда Германияда шамамен 4,7 миллион мұсылман өмір сүріп жатыр, бұл мұсылмандар ел тұрғындарының шамамен 5% құрайды деген сөз.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: