Ауызашарда әсерлі уағыз айтылды

Ауызашарда әсерлі уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Наурыз айының 1 күні Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде бейсенбілік ауызашар берілді. Дастархан басында алғашқы сөзді мешіттің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы бастап, мұсылманның діндес бауырына деген қайырымдылығы туралы сөз қозғады.

Келесі сөзді «Кеңесхан қажы» мешітіне арнайы ат басын тіреген «Әбдіқадыр» мешітінің бас имамы Ахметов Айнабек қари алып, екі табиғиннің өнегелі өмірі туралы уағыз айтты.

«Бір күні Тоус ибн Кайсан Меккеде қажылықта жүргенде, жерде жылап құлшылық жасап жатқан пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шөбересі – Әли ибн Хусейн Зәйнул-абидинді көріп қалады. Тоус құлшылығын жасап біткен соң, Зайнул-абидинге жақындап: «Сіздің бойыңызда 3 қасиет бар екен. Мен соларды айтайын», - дейді.

1. Сіз пайғамбардың (с.а.с.) шөбересісіз, яғни ұрпағысыз. Неге соншалықты жылап құлшылық етесіз?

2. Пайғамбардың момындарға шапағаты бар емес пе?

3. Алланың мейірімі бар ғой? – дейді.

Сонда Зайнул-абидин Тоусқа қарап: «Осы сен айтқан 3 қасиетке саған Құраннан жауап берейін депті:

1. Құранда Муминун суресінің 103 аятында: «Сүр үрленгенде олардың арасында туыстық байланыс болмайды», - деген. Яғни, ол күн – анасы баласынан, адам өзінің бауырынан, әке-шешесінен қашатын күн.

2. Алла Құранда «Әнбия» сүресінің 28-аятында: «Олар (пайғамбарлар) тек Алла разы болған пендеге ғана шапағат етеді», - деген.

3. Әғраф сүресінің 56-аятында: «Алла салихалы құлшылық жасаушыға мейірімді», - деген екен».

Бұл оқиғадан мұсылман адам ешқашан да, мұсылманмын деп, тоқмейілсімей, ата-бабасының жетістігімен мақтана бермей, өзі қарекет етіп, Аллаға құлшылығын құлшына орындауы тиіс екен. Атасы пайғамбар бола тұра, құлшылығын қаза етпей, үнемі жақсылық жасауға ден қойып, өз амалын еселеген Зайнул-Абидиндей болуымызға жазсын! Әмин!

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: