Ұлттық асханамыздың құндылықтары

Ұлттық асханамыздың құндылықтары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінде "Әйелдер-қыздар" секторының ұйымдастыруымен  "Ұлттық асханамыздың құндылықтары" тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақты мешіт ұстазы Қолағұлова Жібек Құран аяттарымен бастап, әжелер ақ батасын берді. Батадан соң, мешіт ұстазы Қожантаева Айдана "Ас адамның арқауы " тақырыбында уағыз-насихат айтты. Құран Кәрім мен хадис аясында адал ас пен күмәнді, харам тағамдардың адам руханиятына, мінезі мен иманына келтіретін кері әсері туралы баяндады. 

Сабақ барысында шәкірттеріміз бен қонақтарға сөз беріліп, ұлттық ас мəзіріміздегі ет, сүт, ұн, дәнді тағамдардың түрлері мен биологиялық құрамы және пайдалары талқыланды. Табиғи тамақтану мен консервант, химикаттар, дәмдеуішті тағамдарды салыстыра отырып, адам ағзасына, денсаулығына беретін зияны туралы да айтылды. Тақырып мақсатына сай шәкірттеріміз дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану үшін ішіп жүрген асымыздың да маңызды роль атқаратыны  туралы біраз  мәліметтерге қол жеткізгендері үшін өз алғыстарын білдірді.

Дәріс соңында, ұлттық дастарханда бас қосқан жамағат, жақсы дұғалар айтып, бұл сабақтар жалғасын тапсын деген тілекпен тарқасты.

 

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: