Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасалды

Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Алғыс айту" күніне орай, ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының  тапсырмасына сәйкес, Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлының ұйытқы болуымен ауданымызда тұратын мүгедек жандар мен тұрмыстық жағдайы төмен 15 отбасының 1 қап ұн, 1 қап бұршақ, 1 қап пияз, 1 қой еті, 150 кг балық, 25 кг макароннан үлестірілді.

Бас имамы Аят Дыбысұлы қайырымдылыққа зәру жандарға сабырлық, қанағатшылдық, қолдағы барға шүкір ету адами қасиеттердің басты құндылығы екенін тілге тиек етті. Мұқтаждар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілін аулап, қолымыздан келгенше қарайласып жәрдем беру біздің басты міндетіміз екенін айтып, алдағы уақытта да осындай игі іс-шара өз жалғасын табатынын жеткізді.

Бұл игі іс-шараға риза болған аудан тұрғындары шынайы ризашылықтарын білдіріп, еліміздің мәртебесі биіктеп, ел жұртымыздың аман болуын тілеп алғыстарын жаудырды.

                                                     Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: