Алғыс алған арымас

Алғыс алған арымас

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала қасиетті Құранда «Нәміл» сүресінің 40-аятында: «Кім шүкіршілік етсе, расында ол өзі үшін шүкіршілік етеді. Ал, кім шүкірсіздік қылса, расында Раббым Бай һәм Жомарт», - дейді.

Алғыс пен шүкіршілік қазақ халқының ұлттық танымындағы ізеттіліктің бір түрі. Қазақта «кішіпейіл болсаң, кішірейіп қалмайсың» деген мәтел бар. Кішіпейілдік танытып, жылы ілтипат білдіру адамдар арасында жақсы қарым-қатынас орнатары сөзсіз. 

ҚР Президенті 2016 жылдың 14 қаңтарында өз жарлығымен елде жаңа мерекенің енетінін жариялаған болатын. Яғни 1 наурыз Қазақстан халықтар Ассамблеясының құрылған күні «Алғыс айту» күні болып белгіленді. Қазақстан халықтар Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Елбасы осынау мейрамды Қазақстанда жыл сайын атап өтіп отыруды ұсыныс етті. Содан бері елімізде бұл айтулы күн өз деңгейінде аталып келеді.

1 наурыз – «Алғыс айту» күні болып бекітілуі  елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдері мен қазақ елінің арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті  бұрығыдан да арттыра түсті. Бұл бір жағынан бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының жарқын көрінісіне айналып келеді.

Еліміздің ынтымағын арттырып, мерейін үстем ететін бүгінгі «Алғыс айту» күніне орай,  облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажының ұйымдастыруымен және «әйелдер-қыздар» секторының атсалысуымен  мешіт жанында орналасқан «Жасыл Ел Тараз» ЖШС-нің 55 қызметкеріне, «INVIVO» диагностикалық орталығының 15 қызметкері мен «Бірлік» СТҚ-ның қызметкерлеріне, жалпы саны 100 адамға түскі асқа ыстық палау, нан, самса және түрлі тәттілер салынған пакеттер ұсынылды.        

Қашан да жақсылықтың жаршысы болып жүрген «Һибатулла Тарази» мешітінің ұжымы осы игі іс арқылы  көрші ғимарат қызметкерлерін қуантып қана қоймай, көктемнің алғашқы күнінде мейірім мен шүкіршіліктің бір көрінісін паш еткендей.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: