Айтулы күнге орай қайырымдылық жасалды

Айтулы күнге орай қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде 1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай қайырымдылық шара ұйымдастарылды. Алланың үйіне демеуге мұқтаж қариялар, көп балалы аналар, жетімдер  барлығы 15 адамға азық-түлік және ақшалай көмек көрсетілді.

Мешіттің Бас имамы Жұмағұл Қанат жиналған жамағатқа айтқан сөзінде осы күнге аман-есен жеткізген Алла нәсіп еткен барлық нығметтерге шүкіршілік етіп, алақан жайып, үнемі дұға тілеуді, әрі өзара алғыс айтуды насихаттады. «Адамның күні адаммен» демекші, қоғам болып, елімізге пайдамызды тигізер болсақ, оның жемісін түбінде өзіміз көреміз, келешек ұрпағымыз көреді. «Қанағат етсеңдер, арттыра беремін» деген Алла Тағала. Ата-бабамыз Алладан тыныштық заман тілеп өткен еді. Ол заман қазір біз бастан кешіріп отырмыз. Осының қадірін білейік. Отбасыларыңыз аман болсын!» – деп тіледі.

«Қанша жерде мұқтаж болсақ та, жағдайымыз жақсы болса да, бұл өмір аумалы-төкпелі «бір кем дүние». Жас кезіңде денсаулық бар, уақыт көп, бірақ, қолда қаржы болмайды. Орта жасқа келгенде денсаулық бар, қаржы бар, бірақ, уақыт жетпейді. Қартайғанда дүние де бар, уақыт та мол, бірақ, соның барлығының рахатын көруге денсаулық болмайды екен. Бір кем дүние. Сол үшін қазіргі күніміздің қадірін білейік», - дейді қайырымдылық шараға қатысқан «Әл-Фирдаус» мешітің Бас имамы Жапек Ғалымбек мырза да.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: