Спорт болсын дәріміз...

Спорт болсын дәріміз...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұстаздан шәкірт озар», дейді халық даналығы. Ал, спорттық ойындардан ше? «Денсаулықты сақтау үшін, ал одан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы», - деген екен М.Мудеров.

Салауатты өмір салтын насихаттау, мешіт шәкірттерін спортқа баулу, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында, Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Һибатулла Тарази», қалалық «Әулие Ата» және «Кеңесхан қажы» мешіттерінің ұстаздары мен елуге жуық шәкірттері арасында спорттық ойындардан жарыс өтті.

Сайыста ұстаздар мен шәкірттер он бір адамнан құралған үш командаға бөлініп волейбол және эстафеталық ойын ойнаудан бақ сынасты.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша  өкілдігінің 2018 жылға жоспарлаған жұмыстары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес  өткен бұл шараны тамашалауға келген көрермендер өз топтарына қолдау білдіріп отырды. Жарысқа керемет дайындықпен келген ойыншылар сайысқа белсенді қатысып, ойын тартысты әрі қызықты өтті.

Ойын соңында әр командаға алғыс хаттар табысталды.

Бұл шараның шәкірттер мен көрермендерге ұнағаны соншалық, олардың тарапынан осындай шараларды алдағы уақытта жиі ұйымдастырып тұру туралы ұсыныстар айтылды.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: