Наиб имам оқушылармен кездесті

Наиб имам оқушылармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Асқар Сатылғанов «Алға» ауылдық округінің бас маманы Ерік Салимбаевпен және осы ауылдың мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Жиынға мектеп мұғалімдері және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Оқушылармен кездесу барысында наиб  имам «Жастар және дін»  тақырыбында насихат айтты.  Мұсылман адамның сипаттарына кеңірек тоқталып,  шынайы мұсылманның әдептері мен мінезі туралы түсіндірді. Сонымен қатар,  ғаламтордағы діни уағыздарды тыңдауда сақтық таныту керектігін ескертіп, тек ҚМДБ қызметкерлерінің  уағыздарын ғана тыңдауға кеңес берді.

 

«Қордай» аудандық  мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: