Тараз имамы жамағатты «Алғыс айту» күнімен құттықтады

Тараз имамы жамағатты «Алғыс айту» күнімен құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жұма намазының уағызынан кейін Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы алда келе жатқан 1 наурыздағы «Алғыс күні» төңірегінде сөз қозғады.

Бас имам өз сөзінде: «Алла тағала Құран Кәрімде «Хужурат» сүресінің 13-аятында: «Біз сендерді еркек пен әйелден жараттық. Бір-бірлеріңмен танысып-біліссін деп түрлі ұлттар мен ұлыстарға бөлдік. Шын мәнінде, Алла алдында сендердің ардақтыларың – ең тақуаларың»– деген. Бұл аятта Алла әр этносты өзі жаратқанын жеткізеді.

Елімізде бір шаңырақ астында жүзден аса этнос бір атаның баласындай, тату-тәтті өмір сүріп келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылған еді. Бұл ассамблея мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып табылады. Дәл осы айтулы дата 2016 жылы еліміздегі ұлт-ұлыстардың өзәра және қазақ халқына «Алғыс айту күні» болып бекітілді. Себебі, сонау сұрапыл қиын-қыстау заманда елімізге көшіріліп қоныстанғанда қазақ халқы оларға өз қонақжайлығын көрсеткен еді.

Осындай айтулы күндерді атап өту арқылы біздер ынтымағымызды одан сайын нығайтуға мүмкіндік табамыз. Алла аспанымызды ашық, дұшпанымызды қашық еткей, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай», - деп дұға жасады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: