Қайырымдылық іс-шара жалғасуда

Қайырымдылық іс-шара жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жыл басынан бері Меркі ауданында жағдайы төмен отбасыларға мешіт тарапынан қайырымдылық көмек көрсету іс-шарасы атқарылып келген болатын. Сол игі іс әлі де өз жалғасын тауып келеді.  

Қиналған жандар амалдың жоғынан көмек сұрап мешітке келгеннен кейін, шамамыз келгенше жәрдем көрсетуіміз керек болады. Меркі аудандық мешітінде жағдайы төмен жиырма отбасына ақпан айында 20 мүшек ұн таратылды.

Бұдан өзге, биылғы жылы қыстың бір шама қатты болғанын білеміз, бұл әрине жағдайы төмен  жандарға өз  әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы жағдайды ескере отырып жағдайы төмен отбасыларына  мешіт тарапынан  көмір  беріліп, коммуналдық қызмет табиғи газ үшін  қарыз болған жанұялардың қарызын түгелдей өтеп берді. Шығын толықтай мешіт қаражатынан жұмсалды.

Меркі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: