Қайырымдылық - қасиетті іс

Қайырымдылық - қасиетті іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адами қасиеттердің ең қадірлісі - қайырымдылық. Ал оны жасау үлкенін сыйлаған, қариясын қастерлеген, жетімін жылатпаған, кемтар жандарды ешкімнен кем көрмеген қазақ халқына тəн қасиет екеніне ешкімнің таласы жоқ.

"Қайырымдылық қылсаң қайырын өзің көресің" демекші, Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлының ұйытқы болуымен ауданымызда тұратын бір қатар тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға 25 кг макарон, 25 л сұйық май, 5 кг қант, 5 кг томат, шəй жəне 1 қой еті үлестірілді.

Арнайы үйлерді аралаған мешіттің найб имамы Т.Сейткереев отбасы жағдайларымен танысып, сұхбаттасып, мешіт тарапынан берілген азық-түлікті таратып, ақ баталарын алып қайтты.

Осындай игі іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген үміттеміз.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: