Бір сүннетті тірілткен мұсылманға жүз шәһиттің сауабы беріледі

Бір сүннетті тірілткен мұсылманға жүз шәһиттің сауабы беріледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәл осы тақырыпта Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде жамағатқа апта сайын жайылатын дастарханында уағыз айтылды.

«Кеңесхан қажы» мешітінің Бас имамы Қанат Жұмағұл бұл дастарханның жамағат дүйсенбі мен бейсенбі күндерінде ұсталатын сүннет оразаны әдетке айналдырса, ауызбіршілік туралы уағыз-насихат айтылса деген ізгі ниетпен жайылып отырғанын тілге тиек етті.

Жамағатқа насихат айтуға «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Нұралы Бақытұлы келді. Ол «Жақсылық жасау, нәпіл ораза ұстау» тақырыбы төңірегінде әсерлі уағыз айтты.

Ұстаз: «Кімде-кім Исламда жақсылыққа бастайтын бір іске мұрындық болып, соған алдымен жол ашса, жеке басы сауап алумен қатар, осы жолға түскендердің барлығының сауабы да сол адамға жазылады. Ал, кімде-кім Исламда жамандыққа бастайтын сүрлеу салса, өз басының күнәсімен қоса осы жолға түскен-дердің барлығының обалын арқалайды», - Муслим риуаят еткен.

Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері ораза ұстау туралы, Усама ибн Зәйдтің риуаят етуі бойынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстайтын. Одан «Неге бұл күндері ұстайсыз?» деп сұрағанда: «Адамдардың істері Аллаға дүйсенбі мен бейсенбі күндері тапсырылады», – деді. Басқа бір риуаятта «Ұлы Раббыма менің істерімнің ораза ұстаған кезімде ұсынылуын қалаймын», – деген қосымша сөзі бар (Әбу Дәуіт, Саум, 60).

Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Үмметім бұзыла бастаған уақытта кім де кім менің бір сүннетімді ұстанса, оған 100 шәһиттің сауабы беріледі», (Имам Тобарони) - деген.

«Ей жастар қауымы! Сендердің араларыңда үйленуге шамасы жететіндер болса үйленсін! Өйткені ол зинадан сақтану жолы. Ал шамасы жетпегендер ораза ұстасын! Өйткені ол – қалқан», - деген хадистерін айтып өтті.

Алла өзіне лайықты құл, Пайғамбарымызға салихалы үммет болуымызға жазғай!

«Кеңесхан қажы» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: