Cтокгольмдегі лаңкесші өз әрекетінің мақсатын атады

Cтокгольмдегі лаңкесші өз әрекетінің мақсатын атады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2016 жылы сәуір айында Стокгольм қаласының жанданған көшелерінің бірінде жаяу жүргіншілерді басып-жаншып өлтірген 39 жасар Өзбекстан тумасы Рахмат Акиловтің айтуынша, оның әрекетінің мақсаты - ИГИЛ-ге қолдау көрсету үшін анағұрлым көп шведтерді өлтіру болған екен.

 

«Швед азаматтарын өлтіргім келді. ИГИЛ-ге қолдау көрсету үшін аз болса да өз үлесімді қосу үшін, сол көшеде болғандарды басып-жаншығым келді», - дейді кезекті сот отырысында Акилов.

 

Өз әрекетімен лаңкесші «Швеция халифатқа қарсы соғысты тоқтатуын» әрі өз сарбаздарын соғыс жүріп жатқан аймаққа жібермеуіне көз жеткізгісі келген. Естеріңізге сала кетсек, Акиловтың жасаған лаңкестік әрекетінен төрт адам қаза тауып, 15 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған болатын.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: