Британ жанкүйерлерінің Исламға деген сүйіспеншілігін оятты

Британ жанкүйерлерінің Исламға деген сүйіспеншілігін оятты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Британ футбол жанкүйерлерінің жаңа сүйіктісі пайда болды. Соңғы кездері «Ливерпуль» футбол клубының жанкүйерлеріне мысырлық футболшы Мұхамед Салах қатты ұнауда.

 

25 жасар сүйіктілеріне деген сүйіспеншіліктерін жанкүйерлер дауыстап айқайлап айтып қалудан ұялмайды. Сондай бір «айқайлау» кезінде жанкүйерлер егер ол тағы да қақпаға бірнеше гол соғатын болса, Ислам дінін қабылдайтындықтарына уәде берген.

 

«Егер ол саған қаншалықты жақсы болса, мен үшін де соншалықты жақсы. Егер ол тағы бірнеше гол соғатын болса, мен де мұсылман боламын! Егер ол мешітте болса, мешітте менің де болғым келеді!», - дейді екен жанкүйерлер.

 

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Мұхамед Салах жылдың ең үздік африкалық футболшысы атанған. Бірнеше сарапшылардың пікірінше, оның футбол ойнау деңгейіне қарап, оны Лионел Мессимен салыстыруға болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: