Қазан қаласында қыздарға арналған мұсылман мектебі ашылады

Қазан қаласында қыздарға арналған мұсылман мектебі ашылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Татарстан астанасында қыздарға арналған тұңғыш мұсылман мектебі ашылады. ТР бас мүфтиі Камил хазірет Самигуллиннің «Татар-информ» агенттігіне берген сұхбатында, ол оқу орнының кезінде «Музаффария» медресі орналасқан ғимаратта болатынын айтқан. Қазіргі таңда ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу керек.

 

«Татар тілін сақтап қалуға, жастарды діни-рухани түрде тәрбиелеуге баса назар аударту үшін осындай мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл «Музаффария» мектебі болады», - дейді мүфти.

 

Камил Самигуллиннің айтуынша, мектептегі білім беру тек татар тілінде жүргізілетін болады, ал діни пәндер факультатив түрінде жүргізіледі. Аталмыш мектепті ашу келесі оқу жылының басына жоспарланып отыр. Мүфтидің айтуына қарағанда, сол кезге дейін барлық жөндеу жұмыстарын аяқтап, заң жүзіндегі мәселелерді шешу қажет.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: