Смартфондарды ауада қуаттаудың қарапайым тәсілі табылды

Смартфондарды ауада қуаттаудың қарапайым тәсілі табылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Массачусет технологиялық институтының мамандары электр көзін атмосферадан алатын құрылғы ойлап тапқан. Құрылғы қоршаған орта температурасының күнделікті ауытқуы негізінде әрекет етеді. Дәлірек айтсақ, күндізгі және түнгі температураның 10 градус Цельсий айырмашылығында, құрылғы 1,3 милливатт энергия мен 350 милливольт күш-қуат шығарады екен.

 

Аталмыш қондырғының ішінде никель мен мыстан жасалып, графенмен көмкерілген әрі арнайы балауызбен толтырылған металл көбік бар. Қондырғының бір жағы жылу шығарса, ал екінші жағы жылуды жинайды, осындай тербелістер аппараттың электр энергиясын шығаруға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, бұл термалды резонатор, танымал заманауи ғылымдағы жоғары жылу инерциясына ие.

 

Сарапшылар мобильді қондырғыларды, соның ішінде, смартфондарды зарядтау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, қондырғының қуатын көбейтуді көздеп отыр. Термалды резонатор келешекте шалғай жатқан аймақтарды электрлендіруге, сондай-ақ, ғарышкерлерді электр көзімен қамтамасыз ету мақсатында қолданылады деп жоспарлануда.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: