Алла Елшісінің (ﷺ) ас ішу тәртібі қандай болған?

Алла Елшісінің (ﷺ) ас ішу тәртібі қандай болған?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісінің (ﷺ) пайдаланған тағамдарының басты қасиеттері оның рұқсат етілгендігі мен ағзаға пайдасы турасынан ерекшеленгені белгілі. Пайғамбарымызда (ﷺ) тамақ таңдау немесе астың кемшіліктерін іздеу деген әдет мүлде болмаған.

 

Алла Елшісі (ﷺ) көбіне тек қара нан жейтін. Бидай ұнынан жасалған нанды пайдаланбауының себебі – сол кезде Хиджазда бидай ұны өте қымбат болған, ал Алла Елшісі (ﷺ) үнемі молшылық пен артықшылықтан бойын аулақ ұстайтын.  Сонымен қатар, қара нан анағұрлым тойымды әрі нәрлі болып табылады.

 

Алла Елшісі (ﷺ) ас ішу кезінде ешқашан тәбетті ашатын шайнама, тұздама жемейтін әрі дәмдеуіштерді қолданбайтын. Ол ешқашан қажетінен тыс тамақ жемеген. Тарихи дереккөздерде Алла Елшісінің (ﷺ) күніне екі реттен артық тамақ жемегені келтірілген. Осы екі тамақтанудың біреуінде ол тек жеңіл ас – құрма ғана жейтін. Ал Алла Елшісі (ﷺ) «ешқашан елемей қоймаңдар» деп кеңес берген кешкі асын күн батарда немесе ақшам намазынан кейін ішетін болған.

 

Адам жеген әрбір тамақтың жақсы не жаман энергия шығаратынын білетін Алла Елшісі (ﷺ) және оның сахабалары, жеген тағамдарының қандай амалдарына себепші болатынын ойлап уайымдайтын. Және де жеген тағамдарының жақсы амалдарға себепші болуын тілеп Аллаға жалбарынатын.

 

Хадистерден білетініміздей, Алла Елшісінің (ﷺ) пайдаланған тағамы асқазанның 1/3 мөлшерін алатын, ал енді бір 1/3 суға арналған, қалған 1/3 мөлшері ауаға қалдырылған. Алла Елшісі (ﷺ) дастарханнан жеңіл аштық сезімімен тұратын. Айтылған риуаяттарға көз жүгіртсек, Алла Елшісінің (ﷺ) мынандай тағамдарды жеуді жақсы көргенін айтуға болады: қойдың алдыңғы аяғы, жота еті, қойдың етінен жасалған котлет, тауық еті, дуадақтың еті, етті сорпа, кәдіш,  зәйтүн майы, ірімшік, сүт, қауын, қарбыз, халуа, бал, құрма, қызылша, қияр, жүзім, айва.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: