Ханафилікті ту еткен белсенді жастар мен мешіт жамағаты кезекті айлық дастарханның қонағы болды

Ханафилікті ту еткен белсенді жастар мен мешіт жамағаты кезекті айлық дастарханның қонағы болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде ерекше дәстүрге айналған айлық дастархан уағызы ұйымдастырылды. Айлық дастарханға осыдан үш ай бұрын халықтың мұсылмандық діни танымын арттыру, сонымен бірге төл мазхабымыз Ханафи жолын насихаттау мақсатында ашылған Telegram әлеуметтік желісіндегі «Ислами сұрағым бар» тобына тіркелуші 100-ден астам азамат, барлық мешіт жамағаты және қалалық мешіт имамдары шақырылды. Өкіл имам Данияр Әлимұхаммедұлы келген қонақтарға осындай сауапты дастарханды жиі ұйымдастырып тұрудың жамағаттың ауызбіршілігін нығайтудағы рөлі зор екендігін айтып өтті.

Келесі кезекте сөз алған «Һибатулла Тарази» медресесі директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы «Біздің осы дастархан басына жиналуымызға басты себеп – осынау жайылған дастархан емес, Аллаға және Оның сүйікті пайғамбары Мұхаммедке (с.а.у.) деген шексіз махаббатымыз» дей келе, Жаратушы Иеміз бен сүйікті пайғамбарымызды бәрінен жоғары жақсы көрудің артықшылығына кеңірек тоқталып, жиылған жұртқа әсерлі уағыздарын айтты. Әсіресе сахабалардың өмірінен сыр шерткен уағыздарын жамағат ден қойып тыңдады. Айта кету керек, жамағатты айлық дастарханға қонақ ету дәстүрі өткен жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұл сауапты жиын алдағы айларда да жалғасын таппақ. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: