Шу қаласы имамдарының кезекті жиналысы

Шу қаласы имамдарының кезекті жиналысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Шу қаласындағы мешіт имамдарымен кезекті жиналыс өтті. Жиналыс барысында қаланың бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы өткен жылды саралай келе атқарылған біршама игі істерге тоқталып, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қала имамдарына алғысын жеткізді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,  Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қазіргі таңда елімізде діни қызмектерлердің атқаратын жұмыстары ауқымды, жауапты да сауапты іс екенін айтуда.

Бас мүфти Түркістан қаласында өткен «Ислам және ұлы дала өркениеті» атты семинарда «Аллаға шүкір, біз әлмисақтан мұсылманбыз. Өзгенің мәдениеті мен діни жолымен жүруге міндетті емеспіз.

Өзіміздің дүние таным мен тұрмыс салтымызбен әдемі үйлескен діни жолымыз, Хақты тану дағдымыз бар. Оны осы қасиеттерден ажыратуға, басқа арнаға бұруға ешкімнің қақысы жоқ». – деп атап өткен сөзін жеткізді.

Сондықтан қазіргі таңда халықтың діни сауаттылығын арттыру жұмыстарын жандандыру, қала мешіттерінде түскі және кешкі уағыз насихаттарды тұрақты жүргізу, сондай-ақ имамдардың негізгі міндеттерінің бірі жамағатпен тығыз байланыста болу тапсырылды.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: