Қайырымдылық жалғасуда

Қайырымдылық жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында «мұқтаждың мұңын бөліс» қайырымыдылық іс-шарасы өз жалғасын табуда. Бүгінгі күні күннің күрт суытуына байланысты ҚМДБ-ның жұмыс бағыттары болған аталмыш акцияға аудан бас имамы ерекше көңіл бөлуге тапсырма берген болатын. Осыған байланысты Жамбыл ауылдық «Әл-Хафиз» мешіті мұқтаж, асыраушысынан айырылған отбасыларға және зағип жандарға азық-түлік бумаларын үлестіруде. Сауапты іс бұнымен тоқтамай «Әл-Хафиз» мешітінің жанындағы асханада аталмыш жандарға дастархан жайылып, ыстық тамақ үлестірілді.Мешіт имамы Н.Кеулімжаевқа жиналған қауым алғысын айтып, ақ бюатасын берді.

Өтеген ауылында да қайырымдылық шарасы өткізіліп, ауылдық мешіт имамы Р.Жапеков мұқтаж 5 отбасына азық-түлік бумаларын таратуда. Осылайша Қордай ауданының дін қызметкерлері Бас Мүфти бастамаларын қолдап, дініміздің  асыл құндылықтарына сәйкес, сауабы сарқылмас жұмыстар атқаруда.

 

аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: