Шәкірт қыздар қысқы серуенге шықты

Шәкірт қыздар қысқы серуенге шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру дін адамдарына да қатысты үлкен міндет. Кезінде Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар да үмбеттерін спорттың кейбір түрімен шұғылдануға үндегенін білеміз. Ал қыс мезгілінде дене шынықтырып, таза ауада жүріп серуендеу адам денсаулығын мығымдап, тәнін ширатады дейді дәрігер мамандар. Осы орайда «Әйел-қыздар» секторы мешіт жанындағы сауат ашу курсының оқушыларын тек оқумен ғана шектемей, мүмкіндігінше жылдың әр мезгілінде табиғат аясына серуенге шығарып тұруды дәстүрге айналдырғанын айта  кетуіміз керек. Сектор басшылығы сауат ашу курсының оқушыларын Тектұрмас кесенесі маңындағы қаламызға белгілі сырғанаққа апарып, қысқы серуен ұйымдастырды. Қыс мезгілінде қала сыртындағы табиғи сырғанақта күнде адам үзілмейді. Әсіресе қар еріңкіреп, арты аязға ұласқан күндері жұрттың қарасы тіпті көбейеді.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: