Байзақ ауданының имам молдалары бас мүфти бастамасын қолдады

Байзақ ауданының имам молдалары бас мүфти бастамасын қолдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз еліміздің діни сауатын көтеру, уағыз насихаттарды халыққа жеткізу жайлы тапсырмаларды берген болатын.

Осы тапсырмалар аясында Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде имам молдаларға жиналыс болып, өкілдіктен келген хаттармен таныстырылып төрт бағыт бойынша жұмыстарды атқару туралы тапсырмалар берді. Ел жастарына үлгі боларлық салт-дәстүрлерді дәріптеу ауылдардағы діни ахуалдың тұрақты болуын жеткізді. Ауданымыздың бас имамы Азизов Рамиз қажы имам молдаларымыздың атқарылған жұмыстарын саралай келе бір қатар тапсырмалар берді. Атап айтар болсақ уағыз – насихат жұмыстарына байланысты өкілдіктің хатына сай бесін, ақшам намаздарында имам молдаларымыздың тақырыпқа сай уағыз айтуы және суретке түсіруді, қайырымдылық шараларын жиі өткізу, жастардың діни сауатын көтеру, жаназа және жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру, атап айтар болсақ қабір басында шапан тарату, тиын шашу, дәуір айналдыру, ысырапшылыққа жол бермеу тапсырылды. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: