Бас имам болашақ ауыл-шарушылығы мамандарымен кездесті

Бас имам болашақ ауыл-шарушылығы мамандарымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы Қордай ауыл-шаруашылығы колледжінің  І-курс студенттерімен кездесу өткізді. Студенттермен кездесу барысында бас имам «Бүгінгі күннің азаматықандай болу керек?» атты тақырыпта насихат айтып, сұхбат барысында Алла құзырында өтірік, өсек, ғайбат айту, ішімдік ішу, ата-анаға қарсы келу сынды үлкен күнә болып табылатын жаман әдеттер жайында кеңінен тоқталып өтті. Жастар арасына өршіп бара жатқан дерт өз-өзіне қол жұмсау туралы да сөз қозғалып, оның ахиреттік және дүниедегі зардаптары аталып өтті. Көтерілген басты тақырып әрине ол жатым ағымдар туралы болды. Дәуренбек Жандосұлы жат ағымдардың негізгі ұстанымдары, теологиялық қателіктерін тізбектеп беріп, олардан сақтанудың жалғыз жолы ол әрине діни білім деп атап өтті.

Сонымен қатар ғаламтордағы діни уағыздарды тыңдауда абай болу керектігін ескертіп, тек ҚМДБ  имамдарының уағыздарын ғана тыңдауға кеңес берді.

Кездесу соңында студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауап берілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: