Қордай имамдары Елбасы жолдауына – қолдау көрсетті

Қордай имамдары Елбасы жолдауына – қолдау көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының имам-молдалары  жаңа күнтізбелік жылда  алғашқы бас қосуларын өткізді. 56 мешіт имамдарының басын біріктірген алқалы жиында бас имам Д.Жандосұлы Елбасы жолдауымен етене танысып, қолдау көрсету жайлы сөз етті. Келесі болып көтерілген өзекті мәселе Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамаларын қолдау, берілген тапсырмаларды уақытылы және сапалы түрде орындау мәселесі айтылды. ҚМДБ дан келіп түскен бесін және ақшам намаздары уақытында тақырыптан ауытқымай жамағатқа арналған уағыздарды атқару, фото есептерін күнделікті жіберу жөнінде тапсырмалар дін қызметкерлерінің тағы да қаперіне салынды. Мешіттерде азан уақыттарын бір ізділікте келтіру мәселесі де талқыланып, нақты шешімдер қабылданып, орындау туралы тапсырмалар берілді. Жаңа оқу жылына бүгінгі күннен бастап ҚМДБ оқу орындарына шәкірттер  дайындау туралы және имамдардың өз діни біліктіктерін жоғарылату мақсатында ҚМДБ ИБЖИ 2 айлық курсқа қатысушылар кестесі бекітілді.  Аудан бойынша жаназа мәселелерін бір ізділікке түсіру жолдары талқыланып, түйіткілді мәселерді шешу қарастырылды. Өкілдік тарапынан келіп түскен тапсырмалар міндеттеліп, аудан бойынша атқарылып жатқан, «мұқтаждың мұңын бөліс» акциясын жалғастыру тапсырылды.

аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: