Шешенстанда экскурсияларды араб тілінде жүргізуге дайындалуда

Шешенстанда экскурсияларды араб тілінде жүргізуге дайындалуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шешенстанда Ресейге арнайы араб елдерінен келетін жанкүйерлерге арнап араб тілінде экскурсия жүргізу көзделініп отыр. Бұл жөнінде «Тур Экспо» республикалық туроператорының директоры Элина Батаева ТАСС-қа берген сұхбатында мәлімдеген.

«Қазіргі уақытта біз экскурсиялық бағдарламаларды араб тілдеріне аудару үстіндеміз. Футболдан Әлем чемпионаты кезінде барлық мейманханаларда қонақтарға елімізде саяхат жасауды және демалу мүмкіндігін ұсынатын жеке кеңесшілеріміз болады. Барлық бағыттар дайындалған, араб, неміс, ағылшын тілдерін меңгерген мамандарымыз бар, сондықтан шетелден келген қонақтарды қабылдауда қиындықтар туындамау керек», - деп агенттік Батаеваның сөзін дәйексөз ретінде келтірген.

Естеріңізге сала кетсек, Мысыр құрамасы ӘЧ-2018 кезінде жаттығу базасы ретінде Грозный қаласындағы «Ахмат-Арена» стадионын таңдап алғаны белгілі.

Сондықтан да Шешенстан халқы өз командасын қолдауға келетін мысырлық жанкүйерлер көптеп келеді деп күтуде.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: