Иран Сауд Арабияны «мұсылмандарға сатқындық» жасады деп айыптауда

Иран Сауд Арабияны «мұсылмандарға сатқындық» жасады деп айыптауда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ пен Израилге «қосылу» шешімімен Сауд Арабия билігі мұсылман әлімін сатып кетті. Бұл жөнінде Иранның Бас көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи мәлімдеген.

Тегеранда өткен 13-ші Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің парламенттік одақ конференциясында сөз сөйлеген Хаменеи Иерусалимді Израиль астанасы етіп мойындау керек деген АҚШ-тың шешімін «сәтсіздікке ұшырайтын» «үлкен қателік» деп атаған. 

«Мұсылмандармен күресу үшін АҚШ және сионизмдік режиммен серіктес болатын аймақтық үкіметтер, сөзсіз, сатқындық жасайды. Қазіргі таңда Сауд Арабия дәл соны жасап жатыр», - деп Reuters Иран Бас көшбасшысының сөзін дәйек етіп көрсеткен.

Айта кету керек, Хаменеи айыптаулары Сауд Арабия ирандық қауіпке қатысты туған ортақ қорқыныштан қауіпсіз болу саласында Израилмен серіктес болуға ниетті деген хабарлар негізінде айтылған болатын. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: