Қысқа толқынды пештер адам өміріне қауіпті

Қысқа толқынды пештер адам өміріне қауіпті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Манчестер университетінің ғылыми қызметкерлері Еуропадағы қысқа толқынды пештердің 7 миллион машина шығаратын көмірқышқыл газының көлеміндей көмірқышқыл газ шығаратынын анықтаған. Ғалымдардың пікірінше, бұл құрылғыларды тиімсіз пайдалану жаһандық жылынуға әкеліп соғатын көрінеді.

Аталмыш қысқа толқынды пештерді өндіру әрі оны қолдану, сондай-ақ, жою кезінде олар қаншалықты көлемде көміртек диоксидын шығаратындығын ғалымдар анықтаған, - деп мәлімдеген Лента.ру. Зерттеушілердің пайымдауынша, 19 қысқа толқынды пеш бір  жыл бойы бір авто шығаратын булы газ көлемін атмосфераға шығаруға мүмкіндік береді екен.

Сонымен қатар, сарапшылардың айтуынша, бір ғана Британиядағы автомобиль шығаратын көмірқышқыл газының көлемі, Еуропа елдерінде қысқа толқынды пештерді қолданудан болатын көмірқышқыл газының көлемінен 10 есе артып түседі. Сондай-ақ, қысқа толқынды пешке тамақ дайындауда энергия көзі басқа жылулық өңдеудегілерден аз кететін көрінеді.

Соған қарамастан, пешті қолданып болған соң бірден өшіру керектігін ұсынады мамандар, тіпті қосымша атқарулар, мысалы электронды сағатқа да энергия жұмсалмауы үшін. 

Зерттеушілердің айтуына қарағанда, қысқа толқынды пештердің қызмет көрсету уақыты соңғы 20 жылда 7 жылға қысқарған. 2020 жылға таман қоқысқа шамамен 16 млн құрылғы тасталатын болады. Ал бұл дегеніміз — атмосферадағы булы газдың көлемін арттырып әрі жаһандық жылыну қарқынын күшейтуге әкеліп соғады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: