Сарапшылар ӘЧ-2018 болатын лаңкестік қауіп-қатер жөнінде ескерткен

Сарапшылар ӘЧ-2018 болатын лаңкестік қауіп-қатер жөнінде ескерткен

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

14 маусымнан 15 шілде аралығында Ресейде өтетін футболдан Әлем чемпионаты кезінде «Ислам мемлекетінің» лаңкестері өз «позицияларын қалпына келтіруге» тырысады. 

Мұндай пікірді IHS британ консалтинг компаниясының сарапшылары білдірген. Дегенмен, дәл қай қалада лаңкестік әрекеттердің орын алатынын аналитиктер анықтап айтпаған.  

«Ресейдегі сәтті шабуыл» РФ тыйым салынған «Ислам мемлекетінің», оның жауынгерлерінің және жақтастарының позициясын нығайтып, аумақтық шығындарына қарамастан, бұл топтың мемлекеттік деңгейдегі қауіп-қатерін насихаттау тұрғыдан баса айтуға мүмкіндік береді», - делінген  Reuters компаниясының баяндамасында. Британ аналитиктерінің пікірінше, мундиалда Иран мен Сауд Арабия құрамаларының қатысуы лаңкестер үшін қосымша «түрткі» болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, футболдан ӘЧ-2018  Ресейдің 11 елді мекендеріндегі 12 стадионда және, сонымен қатар, Қазан қаласында да өтеді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: