Алла Тағаланың: “Мен сырқаттанып жатқанда, сендер маған келмедіңдер...”, - деген сөзі нені білдіреді?

Алла Тағаланың: “Мен сырқаттанып жатқанда, сендер маған келмедіңдер...”, - деген сөзі нені білдіреді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Анас Пайғамбарымыздан (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың былай айтқанын келтірген: - «Егер Менің құлым Мені жақсы көріп, ауыртпалыққа ұшырағанда, сабырлық танытса, соған жауап ретінде Мен оған Жұмақты сыйлаймын».

Әбу Хурайра Пайғамбарымыздан (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың былай айтқанын келтірген: «Егер Менің құлым Маған қосылғысы келсе, Мен де оған қосылуды қалаймын. Егер Менің құлдарымның бірі Мені нашар деп санаса, онда Мен де оны нашар деп санаймын».

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алланың айтқан мына сөздерін келтірген:

- Ертең, Қиямет күні, Менің үшеуге деген кінәрат-талабым болады: Солардың бірі - Мен үшін мүлкін сарп етіп, содан кейін әділетсіз болатындар.  

Тағы біреуі – құлын босатуға уәде беріп тұрып сатып жіберіп әрі оны сатқаннан түскен қаражатты өзіне жұмсайтындар.  

Ал енді біреулері – біреуді өзіне жұмыс істеткізіп, маңдай термен тапқан ақшасын бермейтіндер.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың келесі сөздерін келтірген:

- Әй, Адамның балалары! Мен сырқаттанып жатқанда, сендер Менің халімді сұрап келмедіңдер.

Сонда Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай сұраған:

- Уа, Жаратушы! Біз қалай Сенің халіңді білеміз, Сен – Әлемдердің Раббысың ғой?

Бұған Алла Тағала былай деп жауап береді:

-Менің сондай бір құлым ауырып жатқанда, сендер оның халін білмедіңдер. Егер келгенде, сол жерден Мені табатын едіңдер.

Адамзаттың асылы (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың былай айтқанын келтірген:

- «Әй, Менің құлдарым! Барлығың кесірлісіңдер. Ендеше, Менен ақиқат жолды көрсетуімді сұраңдар, Мен сендерге тура жолды нәсіп етемін. Барлығың ашсыңдар. Ендеше, Менен ризық беруімді сұраңдар, Мен сендерге ризық беремін. Барлығың киімсізсіңдер. Сондықтан Менен киім-кешек сұраңдар, Мен сендерге нәсіп етемін. Күндіз-түні қателіктер жасайсыңдар, ал Мен сендердің күнәларыңды кешіремін. Менің рақымшылық жасауымды тілеңдер, Мен сендерге рақымшылық жасаймын. Егер сендердің алғашқыларың мен соңғыларың, жындар мен адамдар  - барлығың тақуа болғаннан Менің билігім еш артпайды. Егер барлығың де бойұсынбағандардан болсаңдар – Менің жақсылығым еш кемімейді».

Адамзаттың ардақтысы (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың келесі сөздерін келтірген:

- Өзімнің тақуа құлдарыма Жұмақта көз көрмеген, құлақ естімеген, ешбір жан көзіне елестете де алмайтын бір нәрсе дайындап қойдым.

Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жаратушының мына сөздерін келтірген:

- Уа, Мұхаммед! Бұл дүниеде Маған үш нәрсе ұнайды:

1. Мұңды жан.

2.Сабырлы адам.

3.Бұл дүниеден құр қол өтетіндер.

Уа, Мұхаммед! Бұл дүниеде Маған үш нәрсе ұнамайды: 1. Мұңсыз жан

2. Сабырсыз адам.

3. Бұл дүниеге байланғандар.

Жаратушы Жалғыз Алла былай айтқан:

«Менің құлдарымның арасында зікір ету арқылы Мені есіне алатындар, Менің достарым болып табылады. Мен де оларды, оларға тән еске алумен есіме аламын.  

- Уа, Адамның ұлдары! Егер сендер адамдардан оңашаланып, тек Маған құлшылық етумен айналысатын болсаңдар, Мен сендердің жандарыңа береке ұялатамын. Кедейлік сендерге жолай алмайтын болады. Егер сендер Маған құлшылық етуден алшақтап, тек басқа адамдармен айналыссаңдар, сендердің қолдарыңды бұл дүниеге толтырып, үстеріңнен қайыршылық қақпаларын ашып қоямын. Сендер ешқашан мұқтаждықтан құтылмайтын боласыңдар.

- Кімде-кім Мені еске алумен айалысса, Мен ол күтпеген дүниелерді, оның сұрауынан да бұрын беремін.

- Шынайылық  - Менің құпияларымның бірі. Сүйген құлдарымның жандарына Мен осы құпияны құямын.  - Егер Менің құлдарым Менің болмысымды әрі Менің жалғыздығымды «Лә иләһә илләлләһ» сөздерімен мойындамайтын болса, Мен жер бетін мекендеушілердің басына Тозақты құлатып, барлығын да құртар едім.

"Әнуарул-ашиқын" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: