Алла алдында бұл адамдар ең жақсы болып табылады

Алла алдында бұл адамдар ең жақсы болып табылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Мүміндерден саған ергендерге қанатыңды жай» (26:215).

 Алла Тағала Қасиетті Құранда Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезін мақтаған:

«Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» (68:4).

Ардақты Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ішіндегі ең бой ұсынғышы болған. Біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жабу жабылған есек мініп жүріп, бай адамдардың қонаққа шақыруын қабыл алып жүргендігі келтірілген. Асылында, қарапайымдылық ең көркем қасиет болып саналады. Бізге дейін ғұмыр сүрген әулиелердің бәрі де бой ұсынғыш қасиетіне ие болған, бізге де соларға ұқсап бағу керек.       Бір түні шамның әзер жанып тұрған жарығымен бір нәрсе жазып отырған Ғұмар бин Ғабдулғазизге (ол кісіге Алла разы болсын) бір қонақтың келгендігі келтірілген. Әлгі қонақ былай сұрайды: «Шамыңызды жөндеп берейін бе?» - оған Ғұмар былай жауап береді: «Қонақты жұмсап қою әдепсіз болады». Сонда әлгі қонақ: «Бұл туралы қызметшіге айтайын ба?», - деп сұрайды. Оған Ғұмар: «Ол жаңа ғана ұйықтады», -деп айтып, орнынан тұрып, майшамға май құйған екен. «Уа, тақуалардың әміршісі, орныңнан өзің тұрдың ба?!» - деген қонағының сөзіне, Ғұмар: «Орнымнан тұрғанымда да, майшамға майды құйғанымда да мен Ғұмар болып қала бердім, мен еш азайып қалмадым. Алла алдындағы ең жақсы адамдар – бой ұсынғандар болып табылады», - деген екен.

Кайс бин Хазим келтірген: «Ғұмар бин Хаттабтың (ол кісіге Алла разы болсын) Шамға келгенін естіп, оған ғалымдар мен ақсақалдар келеді де былай айтады: «Мына түйеге отырсаң, сені адамдар көреді». Оларға хазірет Ғұмар (ол кісіге Алла разы болсын) былай жауап береді: «Сіздер мұны дұрыс деп санайсыздар, бірақ бұл дұрыс емес», - содан кейін ол қолын көтеріп: «Қане, жол беріңдер»,  - деген екен, яғни, қайда қаласам, сонда барамын дегенді білдіргені».

Басқа бір риуаятта хазірет Ғұмар (ол кісіге Алла разы болсын) қызметшісімен Шамға жол тартып келе жатқандығы келтірілген. Олар бір түйеге кезектесіп мініп келе жатады. Ғұмар түйеде отырғанда, оның қызметшісі шылбырын ұстап жүреді. Бір фарсақ жүріп, Ғұмар түйеден түсіп, қызметшісін отырғызады да өзі шылбырды ұстап жүреді. Осылайша, бірі мініп, бірі жаяу жүріп,  бірі шылбыр ұстап келе жатады. Олар Шамға жақындағанда түйеге міну кезегі қызметшіге келеді. Қызметші түйеге отырып, ал Ғұмар шылбырды қолына алады. Жолда Ғұмар шалшық суды басып кетіп, аяқ-киімін сулап алады да оны аяғынан шешіп, сол жақ қолтығына қысып, қолына шылбырды ұстап келе жатады. Осы сәтте оны көріп қалған Шам әміршісі: «Уа, тақуалардың әміршісі, расында, сені қарсы алуға Шамның қариялары шығады. Егер олар сені бұл күйінде көретін болса, бұл әдепсіздік болады», - дейді. Сонда Ғұмар (ол кісіге Алла разы болсын): «Алла Тағала біздің дәрежемізді  Исламмен көтерді, біз адамдардың сөзінен қорықпаймыз», - деген екен.

Асылында, Салман Фарси Мединенің әміршісі болғандығы келтірілген. Бір күні Мединенің мәртебелі адамдарының бірі бір нәрсе сатып алады. Оның қасынан Салман Фарси өтіп бара жатады. Салман Фарсидің күштілігін байқап қалған әлгі адам: «Бері кел де мына жүкті көтер», - дейді. Салман жүкті көтеріп, әлгі адамның үйіне қарай кете барады. Салманның ауыр жүкті көтеріп кетіп бара жатқанын көрген адамдар: «Алла Тағала әмірді ақкөңіл еткен, бұл жүкті біздің көтеруімізге рұқсат бер», - деп айтады. Салман жүкті оларға бермейді. Ал әлгі адам болса өз-өзіне: «Бәле, мен әмірді масқараладым-ау?», - дейді. Содан кейін әлгі адам Салманға жалбарына бастайды: «Мен сізді білмей қалдым, Алла сізді ең жақсылардан етсін», - деп тілейді. Салман болса: «Жүре бер», - деп әлгі адамның үйіне дейін жүкті көтеріп келеді. Сонда жүктің иесі: «Мен ешқашан адамдарды ұятқа қалдырмайтын боламын», - деген екен.  

Ғаммар бин Ясир (ол кісіге Алланың рақымы болсын) Куфа қаласының әміршісі болғандығы келтірілген. Ол өзі шөп базарға барып, шөп сатып алатын болған. Ғұмар бин Хаттаб (ол кісіге Алла разы болсын) Әбу Хурайраны (ол кісіге Алла разы болсын) Бахрейн әміршісі етіп тағайындағаны келтірілген. Ол Бахрейнге есекпен келгенде, Халик: «Әмірге жол беріңдер, әмірге жол беріңдер. Олар Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары, олар кішіпейіл әрі адамдардың, періштелер мен Алла Тағаланың алдында құрметке ие», - деген екен.

"Танбихул ғафилин" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: