Хадистердің 31 түрі

Хадистердің 31 түрі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Махзен-ул-улюм" және "Эше'ат-ул-леме'ат" кітаптарында хадистер түрлерінің келесі тізімі келтірілген:

 1 – "Хадис-и Мурсал" – Табиғиндердің бірімен сахабалардың есімі айтылмай, Пайғамбарымыз, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай айтқанына сілтеме жасалып келтірілген хадис.

2 – "Хадис-и Муснад" – Бұл хадисті келтіргенде мәртебелі Пайғамбардың, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, өзінен естіген сахабаның есімі қоса айтылады. "Хадис-и Муснад"  "Муттасил" және "Мункати" деп екіге бөлінеді.

3 – "Хадис-и Муснад-и муттасил" – Бұл хадисті жеткізушілер Пайғамбарымызға, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын,  дейін сенімді әрі сыналған адамдар болып табылады.

4 – "Хадис-и Муснад-и мункати" – Бұл хадисті жеткізушілердің қатарында сахабадан басқа бір немесе бірнеше белгісіз адамдар болады.

5 – "Хадис-и Меусул" – "Хадис-и Муснад-и муттасил" дәрежесіндегі хадис, мұны жеткізгенде сахаба: "Мен Алла Елшісінен, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, естідім", - деп айтады.

6 – "Хадис-и Мутауатир" – Бұл хадисті Пайғамбардан, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, жеткізушілердің қатарында көп сахабалар бар, сондай-ақ, бұл хадисті сахабалардан келтірген келесі ұрпақ жеткізушілері де бар. Бұл хадистің түрі көптеген кітаптарда келтірілген әрі көпшілікке танымал. Күмәнданбай мұндай хадистерге сену қажет. Бұл сияқты хадистерге сенбегендер  опасыз болады.

7 – "Хадис-и Мешхур" – Алғашында бір адаммен ғана келтіріліп, келесі ғасырларда аса танымал болған хадис. Басқа сөзбен айтсақ, бұл дәрежедегі хадис тек бір сахабамен ғана келтіріліп, нәтижесінде келтірушілер көптеген адамдар болған, осылайша, осы хадисті ең соңғы естіген адамына дейін, яғни, бұл хадис екінші ұрпақ келтірушілерінен бастап "Мутауатир" деңгейіне жеткен. Егер бұл хадисті естіген әлдебіреу бұған сенбесе, ол да опасыз болады.

8 – "Хадис-и Мэукуф" – Келтірушілер тізбегіндегі адамдардың бәрі, тіпті сахабаға дейін белгілі, бірақ мұны сахабаның өзі естідім деп айтпайды, мынадай түрде келтіріледі: "Алла Елшісі келесіні айтты".

 9 – "Хадис-и Сахих" – "Муснаад-и муттасил", "Мутауатир" және "Мешхур"дәрежесіндегі хадистер, «Хадис білгіші» деңгейіне жеткен сенімді, тақуалығымен танымал болған адамдармен келтірілген.

 10 – "Хабар-и Ахад" – "Муснад-и муттасил" дәрежесіндегі хадистер, оның келтірушілері әр ұрпақтан бір адам ғана.

11 – "Хадис-и Му'аллак" – Бұл хадисті келтірушілер тізбегінде сахабаның немесе бірнеше алғашқы ұрпақтар келтірушілерінің есімдері, немесе келтірушілердің біреуінің есімі белгісіз. "Мурсал" және "Мункати" хадистері жатқызылады.

12 – "Хадис-и Кудси" – Хадистің мағынасы Алла Тағалаға тиесілі, ал сөздері мәртебелі Пайғамбарымызға, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, тиесілі. Мұндай хадистерді келтіру кезінде Алла Елшісі, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, әлдебір нұрға бөленіп, оның түрінен Алла сөздерін жеткізіп жатқандығы белгілі болатын.

13 – "Хадис-и Кауи" – Бұл хадистер айтылған соң, Құран аяттары оқылады.

14 – "Хадис-и Нэсих" – Тым кеш уақытта айтылған хадистер.

15 – "Хадис-и Менсух" – Өмірдің бірінші кезеңінде айтылып, бірақ кейін келе жойылған хадистер.

 16 – "Хадис-и Аам"– Барлық адамдарға айтылған хадистер. 17 – "Хадис-и Хаас" – Тек бір адамға айтылған хадистер.

18 – "Хадис-и Хасен" – Сенімді, тақуа, бірақ дін ғылымының мамандары (мұджтахид) болып табылмайтын адамдармен келтірілген хадистер.

19 – "Хадис-и Макту" – Келтірушілер тізбегіндегі есімдер тек табиғиндар ұрпағына дейін белгілі әрі әлдебір табиғинмен келтірілген хадистер.

20 – "Хадис-и Шаз" – «Сондай бір мұхаддистен естідім», - деген сөздермен әлдекімнің келтірген хадистері. Мұндай  хадистер қабылданады, бірақ дәлел ретінде бола алмайды. Егер ғалымның есімі танымал болмаса, онда хадис мүлде қабылданбайды.

 21 – "Хадис-и Гариб" – "Сахих" дәрежесіндегі, бірақ тек бір адаммен ғана келтірілген хадис. Немесе бұл хадисті келтірушілер тізбегіндегі бір тұлғаға қатысты  ғалымдардың күмәні болған хадистер.

 22 - "Хадис-и Заиф (Даиф)" – "Сахих" және "Хасен" дәрежесіндегі хадистерге енгізілмеген. Мұндай хадисті келтірушілер тізбегінде білімі аз немесе дін оқытуда нақты ауытқуы бар тұлға болады. Мұндай хадистерді құлшылық етуде басшылыққа алуға болады, бірақ дін құқығы бойынша әлдебір шешім қабылдауда пайдалануға болмайды (иджтихадта).

23 – "Хадис-и Мухкам" – Түсіндіруді талап етпейтін хадистер (Та'уил).

 24 – "Хадис-и Муташабих" – Түсіндіруді талап ететін хадистер. 

25 – "Хадис-и Мунфасыль" – Келтірушілер тізбегінде үзілуі бар хадистер, яғни, аралық ұрпақтағы келтірушілердің  (рауи) есімдері ұмытылған.

26 – "Хадис-и Мустафид" – Үштен артық жеткізушімен келтірілген хадистер.

27 – "Хадис-и Муддариб" – Әртүрлі сенімсіз дереккөздерден алынған түрлі шығармалар авторларының қарсы мағыналы хадистері.

28 – "Хадис-и Мэрдуд" – Мағынасы жоқ сөздер әрі хадистерді жеткізу ережесіне сай емес.

29 – "Хадис-и Муфтери" – Жалғаншы Мусайлама-ту-л-дің, сондай-ақ, жолдан тайғандар, екіжүзділердің, жалған ғалымдардың сөздері. Әһлі-әс-Сүннә уә-л-жамағат ғалымдары осындай қоқыстарды (Мэрдуд және Муфтери хадистерін) Алла Елшісінің, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, ақиқат айтқандарынан ажырату үшін аз тер төкпеген. Сүннет ғалымдарының кітабында мұндай "хадистер" жоқ. 

30 - "Хадис-и Мэуду" – Діннің жаулары, жолдан тайғандар, екіжүзділер, ғайбатшылар әрі солар сияқтылардың ойлап тапқан жалған хадистері. Бұл терминді бұрмаланған дінді оқутышы — реформаторлар жиі қолданады. Құран мен Сүннеттің бұрыс түсіндірілуін (Сүннетті ұстанушылардың көзқарасы турасынан) қорғау үшін, Исламдағы жалған бағыттар ғалымдары олардың көзқарастарына қайшы келетін көптеген хадистерді "Хадис-и Мэуду" деп беталды айта береді.

31 – "Эсэр" – "Меукур", "Макту"   немесе дұға түріндегі «Мерфу» дәрежесіндегі хадистер осылай аталады. 

Әбу Асад әл-Ханафи «Сүннет пен татулықтың адамдары – кімдер олар».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: