Грекияда шариғатқа заңды түрде шектеу қойылды

Грекияда шариғатқа заңды түрде шектеу қойылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда мұсылмандар Грекия жалпы халық санының 2% құрайды. 

Грекия Парламенті ел аумағында 1923 жылы орын алған аз азиаттық оқиғасынан кейін Фракияда тұратын аз мұсылмандарға жүретін шариғат заңдарын қолдануға айтарлықтай шектеу қоятын заң қабылдады.

 РИА Новости-дің хабарлауынша, жаңа заңға сәйкес, енді отбасына қатысты: неке, ажырасу, өсиет және т.б. жөнінде мүфтиге бару міндетті емес. Оның орнына мұсылмандарға сотқа шағымдану ұсынылуда. 

Сонымен қатар, аталмыш заң мүфтиді тағайындаудың тәртібін, жалақысын, қажетті құзыреттілік деңгейін, Грекияда тұратын мұсылмандарға қатысты міндеттер және басқа да бірқатар мәселелерді анықтайды.

Айта кету керек, Грекия аумағында шариғат заңына толықтай тыйым салуды тек тым оңшыл партия ғана талап еткен. Естеріңізге сала кетсек, (Грекия, Түркия, Болгария мемлекеттерімен бөлінген, Балканның шығысындағы тарихи әрі географиялық облыс) Фракияда 1923 жылдан бастап Грекияның Лозан шарты бойынша өзіне алған халықаралық міндеттемелеріне сәйкес  шариғат заңдары әрекет етуде.

1919-1922 жылдардағы грек-түрік соғысында жеңіліс тапқан Грекияда және 1923 жылы Грекия мен Түркия арасында болған халық ауысуынан кейін Фракияда шамамен 100 мың мұсылман қалған әрі сол мұсылмандарға шариғат заңдары жүрген болатын.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: