Автомобильдер жүргізушілердің ойын оқитын болады (Бейне)

Автомобильдер жүргізушілердің ойын оқитын болады (Бейне)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Nissan  автомобиль концерні  көлік құралын басқаруға көмек ретінде әзірленген «ми-автомобиль» (B2V) технологиялық релизін дайындауда.  B2V келесі аптада өтетін CES 2018 көрмесіне  қойылады деп күтілуде. 

Аталмыш технология жұмысы — автоны басқаруда ми сигналын қабылдап әрі оны өңдеуде болып табылады. Мысалы үшін, егер жүргізуші жолда пайда болған кедергі салдарынан шұғыл түрде тежегішті басуға бел буса, автоұшқыш оның ойын қабылдап, сол заматта тежегішті басады, - деп жазады Лайф.ру. Ой күші арқылы тежеу тиімдірек болып келеді, өйткені дене-мүшелермен тежеу — біршама уақытты қажет етеді. Nissan инженерлерінің айтуынша, B2V жол оқиғаларына 0,2–0,5 секундқа жылдамырақ әрекет ететін болады. Кейбір жағдайларда бұл жүргізуші мен оның жолаушыларының аман қалуына себеп болады. 

B2V жұмысы ми электроэнцефалографиясына негізделген – жүргізуші үнемі датчиктер мен компьютерге қосулы болады. Nissan өкілдерінің пайымдауынша, келешекте ЭЭГ үшін жүргізушілерге үлкен шлем кию керек болмайды. Мимен байланыс креслоның бас тіреуішіне қойылған сенсорлар арқылы жүзеге асатын болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: