Өзбекстанда Халықаралық Құран оқу фестивалі өтеді

Өзбекстанда Халықаралық Құран оқу фестивалі өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өзбекстанда әлемнің ең үздік Құран хафизі анықталады.

Үстіміздегі жылы Өзбекстанда Халықаралық Құран оқу фестивалі өткізіледі деп жоспарлануда. Бұл жөнінде республика министрлер кабинетіне қарасты Дін істері жөніндегі комитет өкілдері мәлімдеген.  Аталмыш фестивалді өткізу алаңы ретінде өткен жылы ашылған Бұхар облысына қарасты «Араб әлемі» жоғары медресесі алдын ала таңдалып алынған. 

«Бірінші Халықаралық Құран оқу фестивалін өткізу бастамасына үкімет қолдау көрсетіп отыр, біз қазір оны өткізу бағдарламасын дайындау үстіндеміз. Үстіміздегі жылдың жазына таман бұл бағдарлама үкіметпен бекітіледі деп жоспарлануда», – деп атап өткен комитет өкілі.

Шенеуніктің айтуына қарағанда, аталмыш байқауды өткізудің басты міндеттерінің бірі - «Исламның шынайы дәстүрін, оқу-ағартуын және мәдениетін паш ету».

Айта кету керек, қазіргі таңда Өзбекстанда шамамен 32 миллион халық тұрып жатыр. Оның 94% – мұсылмандар, 3,5% – православиелік христиандар, ал қалғандары  – басқа дін өкілдері.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: