БАӘ-де соқырларға арналған алғашқы банкомат іске қосылды

БАӘ-де соқырларға арналған алғашқы банкомат іске қосылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БАӘ-нің Шарджа әмірлігінде алғаш рет соқырлар мен көздері нашар көретін жандарға арналған «сөйлейтін» банкомат іске қосылды.

Жаңа құрылғы араб әрі ағылшын тілдеріндегі үлкен Брайль дисплейімен және осы екі тілді қамтыған дауысты интерфейспен жабдықталған. Дауыс динамика арқылы және құпиялықты сақтау үшін құлаққап арқылы да шығады. Әдеттегі банкоматтарда бір камера болса, аталмыш банкоматқа үш қауіпсіздік камерасы орнатылған. 

Sharjah Islamic Bank (SIB) банкімен іске қосылған жаңа банкомат соқырлар мен көздері нашар көретін жандарға өзгелердің көмегінсіз өздігінен барлық транзакция түрлерін жасауға мүмкіндік береді. 

Бұл құрылғы, сонымен қатар, мүгедектер арбашасына таңылған жандарға да өте тиімді.

Ашылу рәсімінде Sharjah City for Humanitarian Services (SCHS) компаниясының бас директоры  Шейха Джамела Бинт Мұхаммед әл-Касими Әмірлік және оның шет аймақтары мүгедек жандардың өмір сүруі үшін өте қолайлы жер болып табылатындығын атап өткен. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: