Ғалымдар адам миында Wi-Fi бар екенін тапқан

Ғалымдар адам миында Wi-Fi бар екенін тапқан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шеффилд университетінің ғылыми қызметкерлерінің мәлімдеуінше, адам миында эмоцияларды тіркеп отыратын сымсыз «сканер» бар, оның жұмыс істеу қағидасы сымсыз Wi-Fi байланысына ұқсас. 

Мамандардың айтуынша, бастағы мидың «толқынды үдерісі» адамдардың мінез-құлқы мен әлеуметтік әрі қоршаған орта белсенділігін зерттеп, адам туралы түсінік құрайды,- деп жазған Лайф.ру.  Ми ішіндегі «толқын» белсенділігінің үйлесуі кезінде адамдар тек қана «бір толқында тілдесіп қана қоймай», сонымен қатар, ұйымдасқан топтармен нақты діни немесе музыкалық жиындарға да бара алады.

Сәйкесінше сымсыз ми байланысы спортшыларға тиімді түрде көмектеседі: бас миының белсенділігі ойыншыларға қарсыластарының мінез-құлқына тез талдау жасап, ойын үдерісіне байланысты команданы нақты бір әрекетке итермелейді.

Сондай-ақ, сарапшылар топтық ми белсенділігі анағұрлым қызығушылық танытқанын баса айтқан — дәл осы феноменнің арқасында «қызығушылығы бір топтар» — шығармашылық бірлестіктер, клубтар және ұқсас ми белсенділігі бар адамдарды біріктіретін көптеген әлеуметтік құрылымдар пайда болған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: