Алла үмбетке қатысты 5 нәрсеге наразылық танытты…

Алла үмбетке қатысты 5 нәрсеге наразылық танытты…

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«…әлде жақынырақ» (53:9)

«Захратур-Рийядте» былай айтылған:

- Пайғамбарымыз, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, Миғраж түні Алла Тағалаға бес түрлі жүріп-тұру құралымен жеткен. Алдымен, Буракқа отырған, сосын көкке сатымен көтерілген. Ғалымдар осы саты жөнінде таласып, әртүрлі пікірлер айтқан.

Біреулері бұл саты нұрдан десе, енді біреулері алтыннан деген. Ал енді біреулері саты інжуден болды десе, қалғандары күмістен болды деп айтқан. 

Содан кейін бірінші көктен жетінші көкке дейін періштелердің қанаттарымен көтерілген. 

Көкке көтерілуінің төртінші кезеңінде, яғни жетінші көктен қиыр шеттегі ағашқа дейін Жәбірейіл, оған Алланың сәлемі болсын, қанатымен жеткізген. 

Ең соңында раф-раф аталатын алтын кілем пайда болған. Алла Тағала айтады:

«Сол уақытта ағашты қаптаған нәрсе қаптады»(53:16).

Ағаштан садақтың екі басындай жерде ол раф-рафпен қозғалған. Содан кейін «…әлде жақынырақ»  (53:9) болған.

Басқаша айтсақ, ол Аллаға жақындап, басқа жаратылғандардан алыстаған. 

Кейбіреулер ол Жерден алыстап, Аршыға жақын болған десе, енді біреулер ол Қағбадан алыстап, Иерусалимге жақын болған деген. Ол барлық материалдық дүниеден алыстап, рухтар Жаратушысына жақындаған деп айтқандар да болған. Ал тағы біреулер ол өз нәпсісін тастап, өз жүрегіне жақындаған деген.

Зерттеушілер былай айтқан: 

- Сол түні Пайғамбарымыздың, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, рухы садақтың екі басындай (кабе кавсейн) жерде қалып, ол өзінің ақылға сыймайтын болмысымен (сырр) «әлде жақынырақ»  (ав'адна) деген жерге дейін жеткен.  Яғни, ол өз денесін - көкте, рухын — қиыр шеттегі ағашта, жанын — садақтың екі басындай жерде қалдырған. Осылайша, ол Алла Тағаламен жалғыз қалады, тек өзінің ақылға сыймайтын болмысымен ғана.

Алла Тағала нәпсіден:

- Жан қайда? - деп  сұраған.

Ал жаннан:

- Рух қайда?- деп сұраған.

Рухтан:

- Ақыл жетпейтін қайда? - деп сұраған.

Ал ақыл жетпейтіннен:

- Менің сүйіктім қайда? - деп сұраған.

Ал содан кейін Алла Тағала: 

- Уа, Нәпсі! Мен саған игілік пен кешірім беремін.

- Уа, Рух!  Мен саған мейірімділік пен жомарттық беремін.

- Уа, Жан! Мен саған сүйіспеншілік сыйлаймын. 

- Уа, Ақыл жетпейтін! Мен сенікі боламын, Мен — сендікпін.

Осы жерден Алланың «әлде жақынырақ» сөзі шыққан.

Пайғамбарымыз, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, қиыр шеттегі ағашқа жеткенде оған Алла Тағала былай бұйырған:

 - Уа, Мұхаммед! Аяғыңа тұр!

Пайғамбарымыз, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, тұрғанда, оның аяғына бір нәрсе тиеді. Ол біраз жүрген соң, былай сұрайды: 

- Иә, Раббым! Менің аяғыма бір нәрсе тиді.

 Оған Алла Тағала былай айтады:

- Сен аяғыңмен Аршыны бастың.

- Неге онда Аршы менен алыстап кетті?  - деп сұрайды Пайғамбарымыз, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын.

Алла Тағала былай жауап берген:

 «Аршы алыстап кеткен жоқ, сен алыстап кеттің, өйткені Менің алдымда сенің абыройың биік. Тіпті жүз мың Аршы болса да, сенің аяғың тиген жер Мен үшін қымбат».

Алла Тағала сұрайды:

- Уа, Мұхаммед! Сен Маған қандай сыйлық әкелдің?

Сонда Пайғамбарымыз, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай жауап берген: 

- Мен екі нәрсе әкелдім. Олар: жеткіліксіз түрде бойсұнушылық, құлшылық және  шамадан тыс бұл дүние қамы мен күнәлар.

Алла Тағала былай айтқан:

- Мен Өз мейіріміме тән түрде жеткіліксіз құлшылықты айыптаймын, ал көптеген күнәларды сенің шапағатшы болуыңа қалдырамын.

Әбу Бәкір ас-Сыддық келтірген: «Бір күні мен Пайғамбарымыздан, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, Алланың мына сөзі: «Сонда Алла, құлына уахи ететін нәрселерін көкейіне салды» (53:10)  нені білдіреді?», - деп сұрадым. Сонда Алла Елшісі, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай деп жауап берген екен: 

- Алла менің үмбетіме қатысты бес нәрсеге наразылық танытты:

1. Мен олардан ертеңгі амалдарын талап етпеймін. Ал олар Менен ертеңгі күннің қорегін сұрайды.

2. Мен олардың несібесін басқаларға бермеймін. Неге олар басқаларды өз істеріне кірістіреді?

3. Олар Менің азығымды жеп, басқаларға алғысын білдіреді. Олар Мені ұмытып, басқаға жақсылық жасайды.

4. Мен оларға абырой мен ұлылық сыйлаймын. Ал олар болса оны басқалардан күтеді.

5. Мен Тозақты иман келтірмегендер үшін жараттым. Ал олар сонда түсу үшін бәрін жасайды.

"Әнуарул-ашиқын" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: