Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алламен жүздесуі

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алламен жүздесуі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтатын:

- Мен сидрат әл-мунтахқа жеткенде, маған үш нәрсе берілді:

1. Бес уақыт намаз.

2. «Бақара» сүресінің соңғы екі аяты (Аманнар-Расулю).

3. Менің үмбетімнің үлкен күнәларының кешірілуі.

Содан кейін мен Жұмаққа келдім. Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) айтты:

- Уа, Алла Елшісі! Алла Тағала Өзін дәріптеп былай айтты: «Барлық мақтаулар Аллаға тән. Ол — періштелер мен Рухтардың Иесі. Оның мейірімділігі Оның жазасынан асып түседі».

Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  сидрат әл-мунтах пен Жұмақты түгелдей шарлап шыққан соң оған Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын):

- Уа, Алла Елшісі! Мен бұдан жоғарыға көтере алмаймын. Егер көтерілсем, Аршының нұрынан күйіп кетемін. Бұдан ары сенен басқа ешкімге жол жоқ, - дейді.

Кейбіреулер бұл жерді Жұмақ десе, енді біреулер оны Аршы деген.

Бұл жерде ғаламның аяқталатыны шындық болып табылады. 

Жәбірейіл Алла Тағалаға сәлем беру керек екендігін білдірген.  Пайғамбар келесідей амандасқан: "Әттахийәту Лилләһи уа ас-Салауату уа ат-Таййибат" (Барлық мейірім мен жақсылық тән Аллаға сәлем).

Оған жауап ретінде Алла:

- Әссаләму алейка Аййуаннабиййу уа Рахматуллахи уа баракатуху (Сәлем саған Пайғамбарым әрі Елшім! Саған Алланың шексіз мейірімі мен рақымы болсын).

Содан кейін Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) мен барлық періштелер куәлік береді:

- Әшхаду анлә иләһа илләллаһ уа Әшхаду анна Мұхаммадан абдуху уа Расулюху (Алладан басқа құдайдың жоқтығына куәлік береміз, сондай-ақ, Мұхаммедтің Оның құлы әрі Елшісі екендігіне куәлік береміз).

Ибн Масуд былай айтқан:

- Сосын раф-раф пайда болып, біздің сүйікті Пайғамбарымыз, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, оның үстіне шығып Алла Тағалаға жақындай түскен. Алла Қасиетті Құранда  бекер былай айтпаған:

«Ол, жақындап төмендеді. Тіпті садақтың екі басындай әлде жақынырақ» (53:8-9). Яғни, ол Алла Тағаладан садақтың екі басындай (кабе кавсей) жерде болған. Бұл жерде кавсей деп шынтақ ұзындығындай ұзындық өлшемі айтылған. 

Муфассирлер  былай айтқан:

- Осы жөнінде төрт түрлі көзқарас бар:

1. Катада мен Хасан екі садақ ұзындығындай жерге жақындаған деген.     2. Муджахид  садақтың сабы мен адырнасындай жерге жақындаған деп айтқан.

3. Абдул-Варисин садақ сабынан оның иреңіндей жерде болған деген.

4. Судди ол Алладан екі зира алшақтықта болған деген.  (Зира — 0,7 м болатын ұзындық өлшемі).

Сонымен қатар, ғалымдар «жақындады» деген сөздің мағынасы туралы да үш түрлі көзқарас айтқан:

1. Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) Аллаға жақындаған.

2. Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) Мұхаммедке жақындаған.

3. Мұхаммед (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Аллаға жақындаған.

Кабул-Ахбар айтқан:

- Мұхаммедтің Аллаға жақындауы сенімді көзқарас.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Аршыға жетіп, сандалдарын шешейін дегенде бір дауысты естиді:

- Сандалдарыңды шешпе! Аршы мен Күрсі сенің сандалдарыңның астында болу құрметіне ие болсын.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан:

- Иә, Раббым! Сен Мұса пайғамбарға: «Сандалдарыңды шеш», - деп бұйырған едің ғой. Сонда Алла тарапынан мына дауыс келген:

- Уа, Әбу Касим! Уа, Ахмад! Менің алдымда сен Мұсадай емессің. Ол Менің  сұхбаттасым болған, ал сен — Менің сүйіктімсің.

Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көкке, Калямға, Қасиетті Жазбалар сақталған орынға, Аршыға, Күрсіге және Жұмаққа көтерілгенде, сол жердің әрқайсысы: - Мұхаммед менікі болады, - дегендігі келтірілген.

Алла Тағала: 

- Уа, Мұхаммед! Мен саған Калямды, Қасиетті Жазбалар жазылған орынды, Күрсіні және Жұмақты саған сыйлаймын.

Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай жауап берген:

- Иә, Раббым! Маған мұның ешбірі қажет емес. Мен тек өз үмбетімнің құтылуын ғана қалаймын.

Сонда Алла Тағала сұрайды:

- Уа, Мұхаммед! Өз орныңа халиф етіп кімді қалдырып кеттің? Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын): - Әбу Бәкір ас-Сыддықты, - деген.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: