Алланың сүйіспеншілігіне бастайтын жолдар

Алланың сүйіспеншілігіне бастайтын жолдар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«...Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла (Т.) сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды...» (3:31).

Алла Тағалаға деген сүйіспеншілік – рухани ерлікке итермелейді, сынақты жеңілдетеді, жүрек пен ниетті тәрбиелейді, Жаратушыға жақындаудың себебі әрі Ол тарапынан өзара сүйіспеншілікке қол жеткізу болып табылады. Бұл тек бір қалау арқылы қолжетімді болмайды, ол уақытты, күш пен шынайылықты талап етеді. Ал мұндай сүйіспеншілікке  нақты бір істер мен адамдарға деген құштарлық жетелейді.

Алланы сүйетіндерге сүйіспеншілік

Суфьян: «Алла Тағаланы жақсы көретінді сүйетін жан Алланы да сүйеді,  Алла Тағаланы сыйлайтынға жомарт жан, ол Алла Тағалаға да жомарт болады», - деп айтқан.

Құранға сүйіспеншілік

Сахл, ол кісіге Алланың аяушылығы болсын, былай айтқан: «Аллаға деген сүйіспеншіліктің белгісі — Құранға сүйіспеншілік, Алла мен Құранға сүйіспеншілік белгісі – Пайғамбарымызға, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, деген сүйіспеншілік, оған сүйіспеншілік белгісі – оның Сүннетіне деген сүйіспеншілік, Сүннетке деген сүйіспеншілік белгісі  – ақиретке деген сүйіспеншілік, ақиретке сүйіспеншілік белгісі – фәни дүниені жек көрушілік, фәни дүниені жек көрушілік белгісі – адам бұл дүниеден ақиретке тек қор ғана жинайды».

Пайғамбарымызға, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, және оның Сүннетіне сүйіспеншілік

Хадисте былай айтылған: «Кімде-кім менің Сүннетімді ұстанса, сол мені сүйеді, ал мені сүйетін жан — Қиямет күні менің қасымда болады». Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан:

«(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла (Т.) сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды» (3:31).

Алланы еске алуға сүйіспеншілік

Хадисте былай айтылған: «Егер кімде-кім бір нәрсені жақсы көріп қалса, ол оны жүрегімен де, тілімен де жиі есіне алатын болады». Алла Тағаланы еске алу сүйіспеншілігі — Алла Тағаланы сүюге алып келеді.  Мұхаммед Әли ат-Тирмизи әл-Хаким бұл жөнінде былай деген: «Аллаға  деген сүйіспеншіліктің болмысы — бұл үнемі Оны еске алу құштарлығы».

Соңғы өмірге сүйіспеншілік

Сахл ибн Саъд ас-Саъиди, ол кісіге Алла разы болсын, бір күні Алла Елшісіне, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, бір адамның келіп, былай айтқанын келтірген: «Уа, Алла Елшісі, жасағаным үшін мені Алла да, адамдар да жақсы көретін бір амалды айтшы». Оған Пайғамбарымыз, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай деп жауап берген екен: «Бұл дүниеден бас тарт, сонда сені Алла жақсы көретін болады және адамдарға тиесіліден бас тарт, сонда сені адамдар да жақсы көретін болады».

Алла алдындағы міндеттерді орындауға әрі Оған құлшылық етуге сүйіспеншілік

Әбу Хурайра, ол кісіге Алла разы болсын, Алла Елшісінің, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген:

«Алла Тағала былай дейді: «Кімде-кім Менің Сүйіктіммен жауласса, Мен оған соғыс жариялаймын. Менің құлым Мен оған ұйғарғанмен емес, анағұрлым қымбатырақ нәрсемен Маған жақындауға тырысуда, Менің құлым ерікті  (сүннет) амалдарын жасау арқылы Мен оны жақсы көргенімше Маған жақындауын қоймайды. Қашан Мен оны жақсы көрсем, Мен оның еститін қабілеті боламын, көретін көздері боламын, қозғайтын қолдары және жүретін аяқтары боламын. Егер ол Менен бір нәрсе сұрайтын болса, Мен оған міндетті түрде оны беремін, егер ол Менен құтқаруды тілесе, онда міндетті түрде Мен оны аман алып қаламын» (Бұхари, Мүслим).

Әрбір адамның Алла Тағала сүйіспеншілігіне деген өз жолы бар. Біздің айтып отырғандарымыз — Сүннетте келтірілген ең «қол жетімді әрі ашық» дүниелер. Бір адам ақылсыз жанның әрекетінен бір надандық нышанын байқап қалып, бір тақуа жанға келіп айтқан екен. Сонда әлгі тақуа күлімсіреп, былай айтыпты: «Бауырым! Алла Тағаланың әртүрлі сүйіктілері бар – жас та, кәрі де, ақылды да, ақылсыз да. Бұл ақылсыз жан – сол ақылсыздардан». Сондықтан пенденің Жаратушыға деген қарым-қатынасын оның сырт бейнесіне қарап айтуға болмайды. Дегенмен, құлшылық, еске алу, тәубе, Сүннетті ұстану сияқты сыртқы амалдар - пенденің жүрегін Аллаға деген сүйіспеншілік пен құштарлыққа босатуға жәрдемдеседі. Ақыр аяғында, бұл сүйіспеншілікке алып келеді, ал оның орны – жүректе, іздері – тілде, жүзде, әрекеттер мен мінез-құлықта.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: